ҮШ ТАРАПТЫҢ КЕЗДЕСУІ

Жетісу облысының еңбек инспек­циясы жөніндегі басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маман еңбек инспек­торы Әбішев Шыңғыс Жанайдарұлы арнайы ауданымызға іс – сапар­мен келіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге округ әкімдері мен округтердегі шаруа қожалық жетекшілері мен ауыл еңбеккерлері қатынасты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары К.Т.Дәулетбекова жүргізіп отырды.

Шыңғыс Жанайдарұлы алды­мен өзін таныстырып, мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндетін ашып айтты. Яғни, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын сақтау бойынша бақылау, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, соның ішінде: қауіпсіз жағдайларда еңбек ету құқықтары, еңбекті қорғау, заңсыз жұмыстан шығару, қысқарту жағдайларын болдырмау, уақытылы жалақыларын алуларына бақылау жасау екенін жеткізді.

Еңбек заңнамасы бұзылмауы үшін алдымен еңбек келісімшарты қолыңызда болсын.

– Еңбек келісімшарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалған шарт. Екеуара міндеттері мен құқықтарын айқындайды. Ол міндетті түрде жасалуы керек және бір данасы қызметкердің қолында болуы тиіс, – дейді Шыңғыс Жанайдарұлы.

– Бұл – екі тарап арасындағы келісімнің дәлелі. Ертең жұмыс беруші өз міндетін орындамаса, осы келісімшартты негізге ала отырып, әр тарап өз құқығын қорғайды.

Еңбек шарты екі тарапқа да пай­далы. Қазір «Enbek.kz» парталы арқылы электронды шарт жасауға болады. Осы тақырыпта алдағы уақытта кеңінен тоқталатын бо­ламыз. Қатысушылар сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Ербол СЫМХАНОВ.

Мәліметпен бөлісу: