Қазақ тілім – ғажап күнім, әр күнім,
Дана тілім мақтан тұтам барлығын.
Ана тілім – көркем тілім, ардағым,
Бар асылым – өзіңе жыр арнадым.
Қазағымның әр сөзінен бал тамған,
Естіген жан таңырқаған, тамсанған.
Біздің елде туып – өскен сан ұлттар,
Біздің ана тілімізде ән салған.
Тілім барда — биіктерге өрлегем,
Ана тілім бесігімді тербеген.
Мен қазақпын – «Отан» деген ұғымды,
«Тіл» дейтұғұн Ұлы сөзбен тең көрем.
Тілі мықты, діні мықты ел жеңеді,
Ана тілдің мәртебесі — керегі.
«Ел» менен «Тіл» егіз ұғым мен үшін,
Тілі өшкен ел бірге өшеді себебі.
Ермек ЕРАЛИН,
Ақсу политехникалық колледжінің студенті.