ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Қазақ халқының ұлттық санасының ерекшелігі туып-өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалауымен құнды. Аталарымыз «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың»,-деп бекер айтпаған. Туған жер мен елдің халық са­насына сіңген рухани құндылығының ұлттың қалыптасуында, да­муында айырықша рөлі бар. Елбасы тапсырған дүниелер бұған дейін қасиетті нысан ретінде ғылыми сарапталып, жүйеленбеген-тін.

Біз осы шаруаны реттеп, жалпы халықтық құндылық ретінде қарастыруды қолға алып жатырмыз. Бұл жұмыстың рухани маңызына тоқталар болсақ, біріншіден, киелі, қасиетті нысан­дар біздің ұлтты рухани жұтаңдықтан сақтайтын символдық қалқанымыз және ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы деп түсінген дұрыс.

Елімізде киелі жерлер көп болғанымен, оның не үшін қасиетті маңызы бар екенін сырттан келген туристер түгілі, өзіміздің ұрпағымыз түсіне бермейді. Сондықтан киелі жерлерді жүйелеп, зерттеп, жаңғыртып, халық назарына ұсынудың маңызы зор.

Бүгінгідей жаһандану дәуірінде жұтылып кетпеу үшін, рухани-мәдени мол мұрамызға мән беріп, ұлттық құндылықтарымызды саралау, рухани географиялық, тарихи — мәдени белдеудегі қасиетті жерлерімізді жаңғыртудың маңызы зор.

Қызылағаш ауылдық модельді кітапханасында тұрақты оқырмандарымызбен «Киелі жер — бабамыздан қалған мұра» тақырыбында тарихи круиз өткізілді. Шараның мақсаты — оқырмандарға Қазақстанның киелі жерлерімен таныстыру, та­рихымен таныстыру. Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің қасиетті жерлерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

А.ҚҰЛДЫБАЕВА,

Қызылағаш ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: