ҚАЗАҚСТАН СУПЕРПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ ФОРМАСЫНАН КҮШТІ ПАРЛАМЕНТІ БАР ПРЕЗИДЕНТТІК ФОРМАҒА КӨШТІ


Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бұған дейін елімізде суперпрезиденттік басқару формасы қалыптасқанын атап өтіп, бұдан былай Қазақстанды дамытудың саяси моделін өзгертіп, Парламенттің рөлін күшейту қажеттігін айтқан еді. Осылайша, еліміз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алды. Сонымен қатар президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынған болатын. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бүгінде Мемлекет басшысы ешқандай партияға мүше емес. Мұндай норманың енгізілуі саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайтыны анық.

Мәліметпен бөлісу: