ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ!


1991 жылғы келген еліміздің тәуелсіздігі осыншама жыл¬дар өткенде не берді деген сұраққа өзіміздің тұрғылықты жерде, өзіміздің еңбек ететін жер¬де қандай өзгерістер болғанын мысал ретінде алып, жауап беріп көрейік.
Ең бірінші ауылымызда кеңестік шаруашылық тараты¬лып, оның жері, мүлік, дүние, техникалары, малдары ауыл¬да құрылған жеке шаруа қожалықтарына бөлініп берілді. Қазіргі таңда ауылшаруашылық жерлер игеріліп, төрт — түлік мал өніп, өсіріліп жатыр. Бұрыңғы ескі машина, тракторлардың орнына жаңа техникалар алынып жатыр. Мал басы 500-ден асатын бірнеше шаруа қожалықтары жұмыстарын жүргізуде. Алғашқы жылда¬ры көптеген тұрғындар үйлерін бұзып, жаппай қалаға көшкен еді. Сол жылдары ауылдағы халық саны едәуір кеміп кеткен еді. Кейінгі жылдар бұл үрдіс тоқтап, қайта керісінше, қаладан ауылға көшу мысалдары бар. Жас отбасылар шаңырақ көтеріп, қаладағы үлгімен ауылдан жаңадан үйлер салынып жатыр. Жастар мал өсіріп, оған қажетті жем шөпті, басқа да өсімдіктерді суармалы жерлерге сеуіп, жақсы өнімдер алуда. Бірнеше жылдан бері қант қызылшасын өсіруді қолға алған шаруа қожалықтары жаңа технологияларды пайда¬ланып, өнімдерін Ақсу қант зау¬ытына өткізумен шұғылдануда. Ауыл тұрғындарын ауыз су¬мен толық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қаржы есебімен, жер астынан су алынып, су жүйесі арқылы барлық үйге таратылған. Шалғайдағы ауыл болса да ин-тернет, ұялы телефон жүйелері жақсы жұмыс істейді, ол үшін соңғы жылдары ауылдың тура ортасынан тиісті сигнал алып, та¬рататын 2 арнайы қондырғы орна¬тылды. Ең соңғы үлкен жаңалық, ауылдың барлық көшелеріне ас¬фальт жол салынып, жаяу адам үшін де машина, трактор үшін де керемет бір жақсылық бол¬ды. Ал енді, ауылдың мектебінің осы жылдардағы өзгерістеріне келетін болсақ, ең бірінші ауызға алатынымыз — бұрынғы кеңестік жүйенің белгісі, Қызылорақ де¬ген атауын өзгертіп, осы өңірде алғашқы мектеп салдырған, халқының жанашыры, елге басшылық жасай білген, бай болғаны үшін Талдықорған қаласындағы түрмеге қамалып, жазықсыз атылып кеткен Бижарас Садырбайұлының есімі берілді.
Сонымен қатар, ауылдың орта¬сынан мектептің жаңа ғимараты бой көтерді. Мектеп жаңа жоба¬да салынып, оқушылар, ұстаздар және қамту қызметкерлер үшін барлық жағдайлар жасалған, яғни, кең де жарық, жылы класс бөлмелері, спорт залы, спорт алаңдары, еңбек шеберханала-ры, пән кабинеттері арнайы ком¬пьютерлермен, құралдарымен жабдықталған. Мектепке көптеген жас мамандар келіп, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тиісті көмектерін алуда. Мектептегі оқушылар саны жыл сайын өсу үстінде.
Тәуелсіздік елімізге не берді деген сұраққа қысқаша түрде осылай жауап беруге болады. Ата – бабаларымызға арман болған, Әлихан Бөкейханов, Ах¬мет Байтұрсынов және мыңдаған басқа күрескерлер өмірін қиған тәуелсіздік үшін күрес осын¬дай жемістерін беріп жатыр. Еліміз — Қазақстан Республикасы болашақта дүние жүзі бойын¬ша қуатты мемлекетке айналып, азаматтары еркін елде бақытты өмір сүреді,- деп сенемін.
Тәңірберген МҰХАМАДИЕВ,
Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі. «Nur Otan»БПҰ-ның мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: