Қазақстан – этностары әртүрлі, мәдениеті бай көпұлтты мемлекет.

Ұлтаралық татулық пен келісім – еліміздің ең басты құндылығы және тұрақтылығының кепілі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт әрі бірлік ішінде өмір сүруде.
Қоғамдағы келісім мен достық – қоғам дамуының негізі. Өзара түсіністік пен сыйластық арқылы біз бірге мықты және берік Қазақстан құрып жатырмыз. Бұл – барша халықтың ортақ міндеті әрі парызы.
Жастар арасында ұлтаралық достықты нығайту – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Қазақ тілін меңгеру мен мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру арқылы әрбір азамат өзін Қазақстанның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі керек. Бұл – ұлттық бірліктің берік негізі.
«Қоғамдық келісім» КММ этномәдени бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен және барлық қоғам белсенділерімен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Алдағы уақытта да татулық пен бірлікті нығайтуға бар күшімізді саламыз.
Бейбітшілік пен келісім – әр азаматтың жүрегінде. Баршамыз бірлікте, достықта өмір сүріп, Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасайық.
Абылай Есеркеп, «Қоғамдық келісім» КММ-нің директорының орынбасары

#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace

Мәліметпен бөлісу: