Аялы алақаның сезінуге

Бұл дүниеде бала үшін ең сорақысы өзін «жетім» деп сезінуі. Себебі, әр сәби ана жүрегінің мейірімін, әке жылуын, аялы алақанын сезінуге құқылы. Тоғыз ай құрсағында көтерген анасы безбүйрек, ал әкесі далабезер жауапкершілігі аз болғанына сәби кінәлі емес қой?!

Бүгінгі таңа осындай ата-ана әрекеттерінің нәтижесінде жетімдер үйі тәрбиеленушілерінің саны көбейіп отыр. Осы орайда «Жетім көрсең жебей көр» деген аталы сөзді ұстанып, тастанды баланы бауырына басқандардыңда қатары аз емес. Алайда, қамсыз, мұңсыз балалық шақтарын өткізетін кездерінде тағдыр тәлкегіне ұшырап, үлкен мұң арқалап жүрген жәудіркөз балалар қаншама? Олар өмірдегі шынайы бақытты сезіне алама?

Үкімет тарапынан қаншама қайырым көрсетіліп жатсада ата-анасының аялы алақанына ешнәрсеге алмастыра алмайтыны әр адамға белгілі жайт. «Жетім» деген сөз қазақ халқына жат дегенмен қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны ешкімге жасырын емес. Ойыңда сансыз сұрақтар шырмалды неліктен? Несебепті қоғамымызда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны көбеюде, оларға кімнің жаны ашып, кім жәрдем береді? Кім қамқор болады? Бұл сұрақтарға жауап алу қиын әрине, жауап алсақта одан қорытынды шығару мүмкін емес.

Жанары жасқа толған, жүрегі жүдеу бүлдіршіндер саны бүгінгі таңда азаймаса, көбеюде. Жай ғана бірнеше секунд ой таразысына салып көрсек, сол мыңдаған жетім балалар үкімет қамқорлығында болсада, болашақта барар жері, басар тауын қайдан іздейді. Оқу орындарына түскендері жатақханада жайғасады, оқуға түсе алмағандары қандай күй кешеді?

«Жетім қозы жат бауыр – жетілерде отығар» демекші жұмыста, оқу да жоқ балаларды қатал өмір қайта қарсы алады. Сонда тағы ойға қаласың, оларды толассыз кедергілерден кім құтқарады? Иә, ол рас бүгінде ата-анасынан айырылғандарға байланысты шешімін таппаған шиеліністер тіптен көп. Кәмелеттік жасқа толғандарына тұрғын үй беру мәселесі де тура жолға қойылмағаны жанды қынжылтады.

Заң бойынша балалар үйінің түлектері тек 23 жасқа дейін ғана мемлекеттік қордан берілетін баспанадан үміттене алады. Дегенменде тағдырдың жылышырай танытатын кездеріде болады. Ол қазақтың ұлттық тәрбиені бойына сіңірген азаматтарының шынайы қамқорлығы қайырымдылықтың белгісі.

Жасыратыны жоқ қарабасының қамын ойлап қос-қостан шетелдік көлік мініп байлықтан басы айналған қалталылар баршылық. Керісінше обал-сауапты ойға түйіп қайырымдылық жасаған азаматтардың игі ісі бәрімізге үлгі. Олай болса жетім көрсек жебей жүретін ұлағатты істеріміз көбейе берсін ағайын!

Аудандық білім бөлімі.

Мәліметпен бөлісу: