АЯҚҚА ТҮСКЕН ТҰСАУ

Бүгінде бүкіл әлемде сыбайлас жемқорлық ұғымы кеңінен таралған. Сы­байлас жемқорлық фактілерінің артуына байланысты дүние жүзінде бармақ бас-ты, көз қысты әрекеттерге қарсы күрес тақырыбы өзекті бола бастады, мемле­кеттер алдында «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?», «Қандай әдістер қолдану керек?», «Аталмыш дертті қалай жеңуге болады?» деген бас қатырарлық сұрақтар тұрды. Сол себепті осы жағымсыз элементтің алдын алу бойынша түрлі бағдарламалар мен заңдар әзірленді.

Біз сыбайлас жемқорлықты толығымен жеңе алмаймыз, дегенмен ол шектен шықпауы үшін оны бақылауда ұстай ала­мыз. Кез — келген жағдайда, әзірге сы­байлас жемқорлықты толық жою туралы емес, тек бақылау туралы айту керек. Себебі, ең алдымен құқықтық сауаттылық, білім беру және үгіт-насихат әрекеттері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы менталитетті қалыптастыру қажет. Бұл аталған міндеттерді орындау сыбайлас жемқорлықты жеңу жолы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Осы ретте бүгінгі таңда мектеп қабырғасында да парақорлықтың ал­дын алу мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы іске қосылған. Аталмыш клуб мақсаты — шәкірттерді азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне, адамгершілік сезімдерге, еңбек сүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу. Және 2022-2023 оқу жылдарында түрлі іс — шаралар атқару жоспарлар легі де ауқымды. Әр сынып жетекші сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тәрбие сабақтарын өткізеді. Соны­мен қатар сурет, эссе байқаулары мен пікірталастар ұйымдастырылмақ.

Бармақ басты, көз қысты әрекеттерге төзбеушілікті шәкірттердің санасы­на мектеп қабырғасында сіңіру әрбір ұстаздың парызы. Себебі, бәрімізде болашағымыздың бұлыңғыр болғанын қаламаймыз. Ұрпақтармыздың жарқын болашаққа қадам басу үшін үйдегі және білім орда қабырғасындағы алған тәрбиелері аса маңызды рөл атқарады. Әділ болуды, парасатты болуды талап ететін дәуірде өмір сүрудеміз. Жоғарыда аталған мәселелеріміз бен оның ал­дын алу жолдары іс жүзінде жүзеге атсалысуға тиіспіз. Себебі, елім деген ер болмаса мемлекет болашағы баянды болмасы хақ.

Тұғырлы Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын. Қазақстанның ертеңі – бүгінгі жастардың қолында. Мәселені шешудің әрекеті нәтижелі, берекеті мол болғай.

Айбек ЖАНСҰЛТАНҰЛЫ,

Қаракемер орта мектебінің педагог – ұйымдастырушысы.

Мәліметпен бөлісу: