АУЫЛДАСТАРЫМА АЛҒЫС!

Өрт – тілсіз жау. Сондықтан ол да айтып келмейді. Өткен қыс айында ауылдас ағайынымыз қайтыс болып, бір топ жігіт жиналып сол кісінің қабірін қазуға аттандық. Үйде жарым кішкене ба­ламмен қалған. Балалардың үлкендері сабақта, анам қайтыс болған үйде болатын. Әйелім бала­ны ұйықтатып жатып бірге ұйықтап қалған.

Кенет электр сымының ұысұа тұйығынан өрт шығып, үйіміз бірден өртке оранады. Ұйқыда жатқандар оны сезбей де қалады. Өртті бірінші болып сабақтан оралған үлкен қызым байқап, де­реу жылаған күйі көпшілік жиналған үйге жүгіреді. Апасы да сол үйде. Хабарды ести салысымен ауыл азаматтары, Рауан мен Серік бірінші болып жүгіріп жетіп, сөндіруге тырысады.

Артынан іле – шала жеткен көршілерім Ерлан Сүндетбай мен Әділхан Ақмұрадов жалындаған өртке қарамай үйге кіріп, бірі балам мен әйелімді, бірі газ балонын ағытып сыртқа шығарады.

Қайтыс болған адамды соңғы сапарға шығарып салуға жиналған көпшілік өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келгенше басқа шаруаны ұмытып, өртпен арпалысады.

Өрт басылғаннан кейін көршілерім Беделбек Жұмабекұлы, Мұқаш Дәулет, Дулат Махмұтұлы үйді қалпына келтіруге атсалысты. Барлық ауыл жиналып береке – бірлікпен, ауызбіршілікпен, мектеп ұжымы, ауылдық аурухана, т.б. ауылдас-тар қаржылай көмек көрсетіп, үйіміз қалпына келіп, бұйырса қыстап шықтық.

Мен Ержан Акраш бала – шағамның, анамның атынан барлық ауылдастарыма 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай басымды иіп, алғысымды білдіремін. Мың рахмет Сіздерге ауылдастарым. Осындай береке – бірліктеріңіз ешқашан ажыра­масын.

Ержан АКРАШ,

Көшкентал ауылының тұрғыны.

Мәліметпен бөлісу: