«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

 «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша арнайы мониторинг тобы бүгін Ақсу ауданындағы Қызылағаш, Қарашілік ауылда­рында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастырды.

Ауыл тұрғындарының табы­сын, әл — ауқаты мен өмір сүру сапасын өсіруге арналған жо­баны түсіндірген топ мүшелері, бағдарлама шеңберінде 2023- 2025 жылдары әр жыл сай­ын еліміздің барлық облысына жобаны іске асыруға арналған бюджеттік несиелер бөлу көзделіп отырғанын атап өтіп, жобаның маңыздылығы мен тиімділігін түсіндіріп өтті.

Кездесуде ауыл тұрғындарының ішінде жастар аталған жобаға ерекше қызығушылық білдіріп, кәсіп ашудың оңтайлы жолдарын сұрады.

«Біздің ауылда барлығы дерлік ауылшаруашалығымен айналы­сады, әр үйде 3 — 4 ірі қарадан мал бағып отырмыз, оны ары қарай көбейтіп, шаруашылық ашқымыз келеді. Бұл жоба іске қосылса, шаруалықпен айналысындарға, шағын кәсіп ашамын деген ауыл­дастарыма табылмас мүмкіндік» — деді Қызылағаш ауылының тұрғыны Разбеков Анықхан.

Бұдан бөлек ауыл тұрғындары шаштараз, сұлулық салонын ашу т.б. жоспарларымен бөлісті.

«Бұл жобаның басты мақсаты — халықтың әл — ауқатын арттыруға бағыт — бағдар беру, сондықтан осы жоба арқылы жұмыссыздықты жоюға өз үлестеріңізді қоса ала­сыздар» — деді сарапшы Ұланбек Нұрланұлы.

Жобаға халық оң бағасын беруде, ал ауыл ақсақалдары басталғалы тұрған жоба берекелі болуын тілеп, баталарын беруде.

Жангүл ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,

«AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының эксперті.

Мәліметпен бөлісу: