Арасан ауылдық округінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті қызметкерінің Қапал, Көшкентал, Суықсай ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР-сы мемлекеттік қызмет істерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Бейсеқұлова Ләззат Мұқатайқызы және осы Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Иманғалиева Жадыра Амангелдіқызы қатысты. Ауыл тұрғындары мемлекеттік қызмет көрсетілетінін және мемлекеттік қызметке орналасу туралы толық мағлұмат алды.