
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» аудандық коалиция мүшелері М.Маметов атындағы орта мектеп ұжымымен ауыл тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында алдағы конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, соның ішінде заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиында коалиция мүшесі А.Құрманғалиева реформалардың елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы маңызына тоқталып, оның қоғам дамуына тигізер оң әсері туралы айтып өтті. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға жан-жақты әрі нақты жауаптар берілді.
Жиын соңында қатысушыларды 15 наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық ұстаным танытуға шақыру жасалды.
