Аудан жетістіктерімен танысты

 Жуырда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Махатұлы Тұрлашев ауданымызға арнайы келіп, аудан жаңалықтарымен танысып, жетістіктерін көзімен көріп қайтты.

Сапар барысында алдымен жаңадан бой көтеріп келе жатқан спорт кешенінің құрылысын байқады. Құрылыс жұмыстарын «АрхСтрой» ЖШС – гі жүргізіп жатыр. Олардың жұмыстарын бақылаушы «МұзТау» ЖШС – гі екен. Жұмыс барысын байқаған облыс әкімінің орынбасары Л.Махатұлы жұмыстың неге бәсеңдеп жатқанын сұрады. Күннің суығына байланысты негізгі діңгегін құю жұмысы тоқтатылып тұрғанын, қазір тек дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы сөз болды. Облыс басшысының орынбасары бұл балалар мен жасөспірімдер, жастар спортпен шұғылданып, жаттығу жасайтын орын болғандықтан Абай атамыз айтқандай: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» дегендей еңбекті далаға жібермей, ақырын, асықпай дұрыс жасауды тапсырды. Кішкентай кемшілік үлкен мәселе тудыратынын ескертті. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші компания бұйырса қыркүйек айына дейін жұмысты аяқтап, пайдалануға беретіндіктеріне уәде берді.

Ербол ӘБДІКӘРІМҰЛЫ.

Жансүгіров ауылы.

Мәліметпен бөлісу: