Аудан тынысы

Тәуелсіз еліміздің тұғырының мықты, туының биік болуының мызғымас тірегіне айналған Қазақстанның Ата Заңы қабылданған айырықша маңызы мол мереке салтанатты түрде  қобызшы «Молықбай Байсақұлы” атындағы мәдениет үйінде  аталып өтті.

– Мемлекет құру, оның мәртебесін биік ұстау – мәңгілік ел мүддесінің асқақ көрінісі. Бұл орайда мемлекеттілігіміздің мызғымастығы, елдігіміздің айбыны Ата Заңымызда көрсетілген құқықтарымызды түсінуде, оларды қастерлей білуде жатыр. Қазақстанның Конституциясы бүгінгі күнге дейін өміршеңдігі мен тиімділігін толық дәлелдеді. Уақыттың талай сыны мен сабағынан өтіп қабылданған оның  бас-ты құндылығы ешқашан мән — маңызын жоғалтпай, қаз — қалпында сақталып қала бермек. Заңы заңғар елдің – заманы озық. Тәуелсіздіктің арқасында Ата Заңымызды басшылыққа ала отырып, біз барлық қазақстандықтардың жарқын болашағына жол ашатын жаңа белестерді бағындыратын боламыз,– деді аудан басшысы Есім Сейілханұлы.

Жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.  Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып, әр салада қызмет атқарып жүрген мамандарды аудан әкімі «Құрмет Грамотасымен» марапаттады.

Шара соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің мерекелік концертімен жалғасты.

Өткен аптаның соңында аудан әкімі Есім Базарханов дәстүрлі тамыз кеңесіне қатысып, білім беру саласының мәселелерін талқылады. Тамыз кеңесіне аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, аудан мектептері мен білім беру ұйымдары басшылары, ұлағатты ұстаздар қатысты.

Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Есім Сейілханұлы беріліп, білім беру саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын, саладағы негізгі басым бағыттарды атап өтіп, алдағы жаңа оқу жылына қойылған мақсат міндеттерді айқындап, оларды орындауды тапсырды. Педагогтарға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, жемісті жыл болсын деген ізгі тілегін жеткізді. Сонымен бірге жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Бегімбек Рамазанов жаңа оқу жылының басты ерекшеліктеріне тоқталып, оқу жүйесінде іске асатын басты мақсат – міндеттерді атап өтті.

Конференцияда мектеп директорлары пікірлерін білдіріп, білім саласындағы жетістіктерді сөз етті. Жиын соңында аудан басшысы Есім Базарханов  білім беру саласына ерекше үлес қосқан ұстаздарға ҚР Білім және Ғылым Министрінің «Құрмет Грамотасы» мен «Алғыс хаттарын», облыс әкімінің «Алғыс хаттары» мен аудан әкімінің «Алғыс хаттарын» табыстады.

Ақсу ауданы прокуратурасымен, Жетісу облысы атқарушылық округінің жеке сот орындаушыларының, аудандық жұмыспен қамту орталығы және аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

Іс-шараға атқарушылық өндірістер бойынша жұмыссыз борышкерлер және пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған жұмыссыз тұлғалар шақыртылып, қатысып, оларға аудан бойынша қазіргі таңда бар 198 бос жұмыс орындар лауазымдары ұсынылды. Сонымен қатар іс-шараны жүргізу барысында, борышкерлер мен пробация есебінде тұрғандарға жұмыссыз ретінде тіркелу тәртібі түсіндіріліп, бұл жұмысты жүзеге асыратын аудандық жұмыспен қамту орталығының маманының тікелей байланыс телефондары ұсынылды.

М.Шындәулет.

Мәліметпен бөлісу: