АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

 Құрметті аудан тұрғындары, еліміздегі табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген еріктілер мен өңір тұрғындары үшін Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5 «Б» «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының ғимаратында арнайы пункт ашылды.

Көмек ретінде берілетін заттар:

— жылы киім-кешек;

— азық-түлік;

— гигиеналық, тұрмыстық заттарды қабылдаймыз.

Маңызды: Әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттар және тез бұзылатын азық-түлік қабылданбайды.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: