Аудан әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мекемесінің басшысы Е.Ушакпаевтың 2018 жылғы сәуір айының 2 – і күні №68 ж-қ бұйрығымен Досжанова Құрмет Мэлсбекқызы Ақсу ауданы  әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.  

Досжанова Құрмет Мэлсбекқызы 1989 жылы 15 шілдеде ОҚО дүниеге келген. Білімі жоғары. Түркістан қаласындағы Х.А.Ясави атындағы  Халықаралық Қазақ – Түрік Университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Сонымен қатар, Түркия Республикасының Анкара қаласындағы, «Юнус Эмре» атындағы Түрік мәдени орталығында түрік тілі бойынша білім алған.  

Қызмет жолын Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайында» үш тілде гид-экскурсовод болып бастаған. Бұдан өзге, Астана қаласында «CIHAN» ақпараттық агенттігінде журналист болып қызмет еткен.  

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі.  

 

Мәліметпен бөлісу: