Аудан әкімі қорытынды есеп берді

Бүгін аудан әкімі Есім Сейілханұлы аудан тұрғындары алдында қорытынды есеп беру жиынын өткізді. Есеп беру жиыны «Instagram» желісі, «Zoom» қосымшасы арқылы онлайн форматта өткізілді. Онлайн есеп беру жиынына Алматы облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Жұмағұл Әбдіраманұлы Әлімбеков қатысты.


Індетке қарамастан аудан экономикасы қарыштап дамып келеді.2020 жылғы ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштері төмендегідей.
Жалпы ішкі өңірлік өнім 85 млрд. 728 млн.теңгеге жетіп, жылдық жоспар 116,0 пайызға орындалды.


Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 6 млрд.804 млн.800 мың теңге құрап, жылдық жоспар 144,8 пайызға орындалған, (2019 жылы бұл көрсеткіш 4 млрд.760 млн. 400 мың теңге болған.)
Өнеркәсіп құрылымында өңдеу саласының үлесі 87,2 пайызды құрайды, өндіріс көлемі 5 млрд 931 млн.теңге ал биылға жоспар 8,3 млрд. теңгені құрайды.


Өткен жылдың қортындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіне 544 млн. 700 мың теңге инвестиция тартылды.
Аграрлық сектордың жалпы өнім көлемі 39 млрд.737 млн. 500 мың теңгені құрап, жоспар 100,4 пайызға жетті. Оның ішінде: мал шаруашылығы өнімдері 20 млрд. 511 млн. 300 мың теңге, егін шаруашылығы өнімдері 19 млрд.125 млн. 200 мың теңге.
Жылдық көрсеткіш бойынша 1 млрд 985 млн 700 мың теңге көлемінде ауыл шаруашылығы инвестициясы тартылып, жоспар 113,4 пайызға орындалды
Негізгі капиталға инвестиция 15 млрд.858 млн.200 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі 115,3 пайызға орындалды. Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында 2020 жылы жеке инвестициялардың үлесі 68 пайыз немесе 10 млрд.734 млн.400 мың теңгені құрайды.
Ауданның әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасына айрықша көңіл бөле отырып, алдағы уақытта өңірдің қарқынды дамуы үшiн ауыл шаруашылығы және құрылыс, коммуналдық мәселелердi шешу, инвестиция тарту, жаңа жобаларды ұсыну және басқа да шараларды атқару мақсатында жұмыстар жасалынатын болады.

Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Мәліметпен бөлісу: