Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ,
«Төлегетай баба» төсбелгісінің иегері.
Ұлықты ұлдар біліп «ұрпақтарға үлгі болсын» деген ниетте осы тізімді жариялауды жөн санадым. Ақ патша отарлауына және билігіне бағынбауға қарсы тұрған небір сұлтандар мен белді тұлғалар елімен Тәнеке, Тастанбек, Байқұтан батырларға еріп, Қоқан, Ташкения өлкесіне 1838 жылы бірге кетеді. Барлығы да жерсінбей әмбе Үйсін, Қоқан, Ташкения билеушілер тарабы маза бермегендіктен 1839-1842 жылдары түгелдей кері оралады. Төмендегі тізім мәліметінде сұлтан, би, старшина, қадырлы аталардың шыққан ата-тегі, шені, мекен жерлері, беделі қандай адамдар екендері келтірілген. Бәрі Тәнеке Досетұлымен тығыз қатынас жасап, араласқан Матай, Садыр елінің қадырлы адамдары мен төрелері. Тәнеке Досетұлы әлі күнге дәріптеліп, барынша қастерленбей жатқан ірі, ерек тұлғаның бірі. Бұл тізімнен Ақсу, Сарқан, бұрынғы Бөрлітөбе ауданы тұрғындары аталарын тауып, білулері мүмкін. Егер тізімнен аталары шықса, салауатты ұрпақтарына мың мәртебе иігілік. 1842 жыл. Қосымша. Сұлтан, би, старшина, қадырлы қазақтарға ақ патшадан қатаң сөгіс беріліп, бақылауға алынғандардың атаулы тізімі: 1. Әли Жедайұлы – 33 жаста. Ақылды. Бай. Садыр болысы, руы Анда, Мама бөлімі. 1839 жылы болыс сайланған. Жаздығы: Ойжайлау, Суықжайлау, Көкжат, Қойтас, Жолды, Жүрек, Жамантас. Қыстауы: Балқаш көлі, Бөрлі өзені, Арқарлы, Қысқаш таулары. 2. Ақша Ханқожин – би, 61 жаста. Орташа. Садыр болысы, руы Ақынай. 1831 жылдың 17 маусымнан 1841 жылдың 21 қазанына дейін Аягөз сыртқы округінде заседатель қызметін атқарған. Жаздығы: Алатау тауы, қыстауы: Лепсі өзені бойы, Қысқаш, Көктерек. 3. Бопа Әбілпейізұлы – сұлтан, 82 жаста. Балалары: Солтабай – 52 жаста, Жамантай – 51 жаста, Жанқабы – 52 жаста, Ақымбек – 52 жаста, Омар – 42 жаста, Әжі – 34 жаста. Өте бай. Сыбан, Жанкөбек болысы. 1833 жылы Анна ленталы алтын медальмен марапатталған. Көші: Аягөз өзенінің оңтүстігі, Қоңыршәулі, Ақшәулі таулары, қыстауы: Қарақұмның оңтүстігі, Шыңғыс тауының бөлігі. 4. Барақ Солтабайұлы – сұлтан, 34 жаста (1808 жылы туған). Жайлауы мен қыстауы атасы Бопымен бірге. Айлалы. Баласы: Мәмбет – 17 жаста. Бай. Жанкөбек-Сыбан болысы. 1845-1850 жылдары халық сайлауымен болыс сайланған. 1846 жылы шекаралық басқарма бастығы кафтанмен марапаттаған. Жаздығы: Қопа, Балтақара, Көкпекті, Үшащы, Шақырты, Қаракол — Аягөз, Нарын, Ай өзені бойы, Секіртітас, Жеманигін, Теректі, Қорық, Қосқатын, Қорған, Үшбұлақ сайлары, қыстауы: Шыңғыс тауы – приказдан 100 верст. 5. Бексұлтан Ағадайұлы – сұлтан, 50 жаста. Өте бай. Қаракерей, Семіз-Найман болысы. 1839 жылы болыс сайланып, бірақ бекімеген. Жайлауы мен қыстауы: Тоқтадан Ақсу өзеніне дейін, Тентек, Лепсі, Басқан өзені бойы. 1842 жыл. Аягөз сыртқы округі приказының сұлтаны Бексұлтан Ағадаевтың дәйектемелік (формулярный) хаттамасы: 1892 жылы туған, мұсылман. Аягөз сыртқы округінің аға сұлтаны болып 1841 жылы, 23 қазанда халық қалауымен сайланып бекіген. Балалары: Жаманқұл – 25 жаста, Қасым – 20 жаста, Сүлеймен – 4 жаста (1838 жылы туған), Ималай – 5 жаста, қыздары: Кәлеку -14 жаста, Айсу – 9 жаста, Батима – 6 жаста. 1850 жылы Бексұлтан – 58 жаста, Жаманқұл – 35 жаста, Қасым – 29 жаста. 1842-1845 жылдары Бексұлтан — аға сұлтан. 1844 жылы 4 ақпанда Анна ленталы алтын медальмен марапатталған. Жайлауы: Алатау, Сарытолағай, Ащыбұлақ сайлары, Шыбынды, Қарқаралы таулары, қыстауы: Шатырбай, Мәулім, Алмалы, Жыланды, Жаманты, Қолқан – приказдан (Аягөзден) 350 верст. Заседательдер: Серебряков, Үйсінбаев. ОМА ҚР. Қ. И-374. Ж.1. І.1201. Б. 371-372. Түпнұсқа. 6. Байназар Тәукеұлы – старшина, 35 жаста. Қарапайым, сөзшең, барымташы. 1834 жылдан ауыл старшинасы. Садыр болысы, руы Кененбай. Жайлауы: Алатау таунан Жамантасқа дейін. Қыстауы: Лепсі өзені, Қысқаш тауы, Көктерек. 7. Баймөңке Таңатарұлы – старшина, 45 жаста. Орта дәулетті. Садыр болысы, Қуат бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жамантас, қыстауы: Лепсі өзені, Балқаш көлі, Арқарлы тауы, Бөрлі өзені. 8. Дәуіт Мамырханұлы – сұлтан, 51 жаста. Кедей. Бақы-Матай болысы, руы Байғонды. 1831 жылы 17 маусымда болыс сайланған. 1833 жылы Анна ленталы алтын медальмен марапатталған. Жайлауы: Шар, Қызылсу өзендері мен Көкпекті, Қалба қырлары, қыстауы: Жіңішке өзені, Жаңғызағаш. 9. Жалбағай Балапанұлы – старшина, 42 жаста. Бай. Бақы-Матай болысы, руы Елғонды, Тілеулі бөлімі. 1834 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Үшбұлақ, Ерлі, Қызыл, Шар өзендері, Жуантөбе, Қоңыршәулі, Сарытау, қыстауы: Ағынықатты, Былқылдақ, Ережеп, Шар, Шыбынты, Даубай өзендері бойы, Шүршіт көл, Қаражал, Бала-Қаражал, Қызылжал, Тастау таулары. 10. Ермек Қанайұлы – старшина, 42 жаста. Бай. Садыр болысы, руы Ниязбек, Дәулет бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жазды, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы тауы. 11. Ердене Баймырзаұлы – старшина, 42 жаста. Орта дәулетті. Садыр болысы, руы Ерші. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Ермек Қанайұлымен бірге көшеді. 12. Ибақ Жабайұлы – сұлтан, 44 жаста. Бай. Садыр болысы, руы Ақынай. Ақ тулы төре. 1834 жылдың 12 шілдесінен ауыл старшинасы. Балалары: Қамбар – 10 жаста, Тоқтакүшік – 9 жаста. Шені: 1824 жылдың 6 мамырынан 8 класс. Анна ленталы алтын медальмен, алтын сапты қылышпен, құрмет кафтан, бас киіммен марапатталған. Жайлауы: Алатау тауы мен бөктері, қыстауы: Лепсі өзені бойы, Қысқаш, Көктерек. Қыстауы: Лепсі өзені, Көктерек, Қаражас, Қарақа мола, Қаражан сайының ортасы, Алтуайт тауына дейін, Қаражиденің сол жағы, жаздығы: Алатау етегі, Лепсі өзенінің жоғарғы жағы, Темір, Ащыбұлақ, Шатырбай, Алмалы, Жаланаш бай, Мәулім, Наурызбай, Саусақты, Құтансу, басқан суының басы, Аманбұлақ, Көкжат, Суықжайлау, Қаражайлау, Екіасты, Биесыймас, Ағынықатты өзені. 13. Иса Нұралыұлы – сұлтан, 32 жаста. Бай. Қайнар-Матай-Аталық болысы, руы Қайнарруы. 1839 жылдан болыс. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Көкжат, Қойтас, Жолды, Жүрек, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзені бойы, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш тауы. 14. Есенғұл Найманұлы – старшина, 42 жаста. Дәулетті. Садыр болысы, руы Төлеңгіт. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Иса Нұралыұлымен бірге көшеді. 15. Қашқын Айбайұлы – старшина, 37 жаста. Барымташы. Орта дәулетті. Матай болысы, руы Есенгелді, Алтыбай бөлімі. 1834 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Үшбұлақ, Ерге, Қызыл өзендері, қыстауы Ағынықатты, Былқылдақ, Режеп, Шар, Шыбынды, Даубай өзендері. 16. Құлыбай Байгелұлы – старшина, 42 жаста. Дәулетті. Матай болысы, руы Қожамқұл, Батырбек бөлімі. 1834 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ағынықатты, Былқылдақ өзендері, Жуантөбе тауы, қыстауы: Ағынықатты, Ботақара, Айрықизен өзендері, Қызыладыр тауы. 17. Қараш Айтарұлы – старшина, 42 жаста. Садыр болысы, руы Шүйе, Мама бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 18. Құлбай Барақұлы – старшина, 32 жаста. Кедей. Садыр болысы, руы Түгелбай, Кенжебай бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 19. Қонақбай Жаманбайұлы – старшина, 42 жаста. Садыр болысы. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 20. Лекер Қазғанбетұлы – старшина, 42 жаста. Бай. Садыр болысы, руы Шоға, Елдей бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 21. Матабай Өтегенұлы – старшина, 37 жаста. Дәулетті. Садыр болысы, руы Шоға, Қара бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 22. Майкөт Баянұлы – старшина, 42 жаста. Садыр болысы, руы Есенғұл, Қарлығаш бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 23. Майемген Шынқожаұлы — старшина, 47 жаста. Дәулетті. Садыр болысы, руы Түгелбай, Қуат бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 24. Найзабек Шынқожаұлы – старшина, 42 жаста. Орта дәулетті. Қаптағай-Матай болысы, руы Шәржетім. 1839 жылдан ауыл старшинасы. 1841 жылы далаға қара үзіп кетті. Жайлау, қыстауы: Жоңқа соры, Алатау, Морқа, өзендер: Қоңырлы, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Көңдөлек. 25. Сайбақ Жабайұлы – сұлтан, 42 жаста. Бай. Садыр болысы, руы Ақынай. 1839 жылдан болыс. 1824 жылы 6 мамырда «капитан» шенін алған. Көші Ибақ Жабайұлымен бірге. 26. Суыр Бұқанбайұлы – старшина, 42 жаста. Бай. Садыр болысы, руы Есенқұл, Қарлығаш бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. 1841 жылы Ташкенияға кетіп, 1842 жылы оралған. 27. Сүгір Сәмекеұлы – старшина, 42 жаста. Орта дәулетті. Садыр болысы, руы Түгелбай, Қуат бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. 1839 жылы Ташкенияға кетіп, 1842 жылы оралған. 28. Тоқа Тілеуліұлы – би, 42 жаста. Бай. Садыр болысы, руы Шүйе, Мама бөлімі. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 29. Топай Төбетұлы – старшина, 52 жаста. Бай. Садыр болысы, руы Шүйе, Мама бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 30. Торыбай Бекмырзаұлы – старшина, 32 жаста. Бай. Садыр болысы, руы Түгелбай, Медет бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жүйрік, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 31. Уәли Шаңқайұлы – сұлтан, 42 жаста. Садыр болысы, руы Түгелбай, Қуат бөлімі. Көші Бөлен Шаңқайұлымен бірге. 32. Орыс Қожамжарұлы – старшина, 47 жаста. Бай. Садыр болысы, руы Шерубай, Аталық бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Ойжайлау, Суықжайлау, Қойтас, Жолды, Жамантас, қыстауы: Лепсі, Бөрлі өзендері, Балқаш көлі, Арқарлы, Қысқаш таулары. 33. Ұрынқай Сартұлы – старшина, 42 жаста. Садыр болысы, руы Бұлақ. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Алатау тауы. Қыстауы: Лепсі өзені, Арғанаты тауы. 34. Орақ Мырзаұлы – старшина, 37 жаста. Садыр болысы, руы Зергер. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Жайлауы: Алатау тауы. Қыстауы: Лепсі өзені, Арғанаты тауы. 35. Шегір Құланұлы – старшина, 52 жаста. Орта дәулетті. Садыр болысы, руы Шоға, Мама бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. 1841 жылы Ташкенияға кетіп, 1842 жылы оралған. Заседательдер: Серебряков, Сейтенов. Хатшы: Лагунов. ОМА РК. Қ. И-374. Ж.1. І. 3893. Б. 2-78. Түпнұсқа. 1850 жыл. Қосымша. Сұлтан, би, старшина, қадырлы қазақтарға ақ патшадан қатаң сөгіс беріліп, бақылауға алынғандардың атаулы тізімі: 1. Әли Жадайұлы – сұлтан, 44 жаста. Орта дәулетті. Түгелбай-Садыр болысы, руы Ақ тулы төре, 1844 жылдан болыс. Қыстауы: Лепсі өзенінің оң жағы, Керегетас қыраттары, жайлауы: Лепсі өзенінің жоғарғы жағы. Приказдан 300 верст. 2. Айдархан Жәңгірұлы – сұлтан, 41 жаста. Орта дәулетті. Түгелбай-Садыр болысы, Ақ тулы төре. Қыс пен жаз бойы Кенже-ҚаптағайМатай болысы жерін қорек етеді. 3. Абат Әбілқайырұлы – сұлтан, 42 жаста. Орта дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Күшік төре. Қыстауы: Алатау, Сарытау, Ақсу, Бүйен өзендері арасы, жайлауы: Үштөбе, Қарасырық Сарқан өзенінің жоғарғы жағы. 4. Әли Нұралыұлы – сұлтан, 42 жаста. Орта дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Күшік төре. Жайлауы: Алатау, Қарасырық, қыстауы: Сарытас, Көктал, Жиделітоғай. Приказдан 340 верст. 5. Абаділда Еженұлы – сұлтан, 39 жаста. Орта дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Күшік төре. Жайлауы: Алатау, Желдіқарағай, қыстауы: Қызылағаш өзені бойы, Қапал – приказдан 330 верст. 6. Әбілпейіз Сығайұлы – сұлтан, 36 жаста. Орта дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Күшік төре. Жайлауы: Алатау, Желдіқарағай, қыстауы: Қызылағаш өзені бойы, Қапал – приказдан 330 верст. 7. Айнақұл Байғожаұлы – би, 73 жаста. Бай. Әділ, турашыл. Түгелбай-Садыр болысы, руы Қуат, Асау бөлімі. Көші-қоны Тәукеұлы Байназар бимен бірге. 8. Алтай Ақбердіұлы – би, 71 жас-та. Орта дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Мәмбетай, Қыли бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзені бойы Қызылжар, жайлауы болыстықпен бірге. 9. Әлібек Байғұлыұлы – би, 56 жаста. Бай. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Бөрібай, Бікен бөлімі. Жайлауы: Қупорлы, қыстауы: Қызылағаш, Қапал – приказдан 38 верст. 10. Алатай Топайұлы – старшина, 31 жаста. Орта дәулетті. Түгелбай-Садыр болысы, руы Шүйе. 1848 жылдан ауыл старшинасы. Қыстауы: Тентек өзені, Текенмола, Дайрабай мола – приказдан 340 верст, жайлауы: Ойжайлау, Алатау. 11. Алтыбай Елгелдіұлы – старшина, 48 жаста. Орта дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Көлдей. 1848 жылдан ауыл старшинасы. Қыстауы: Баянжүректің солтүстік жағы, Мұзбұлақтан Бүйен өзеніне дейін, Ақешкі суының басы, төменде Қоянды құзы – приказдан 320-380 верст. Жайлауы: Алатау, Бүйен өзенінің бас жағы. 12. Ағыз Жайнақұлы – қадырлы қазақ, 53 жаста. Дәулетті. Түгелбай-Садыр болысы, руы Медет, Күркетай бөлімі. Жазғы, қысқы көшіқоны Есболат старшинамен бірге. 13. Айнағұл Дөненұлы – қадырлы қазақ Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Мәмбетай, Шағай бөлімі. Қыстауы: Лепсі зені бойы, Алатаудағы Айт, Жамантау, жайлауы: Ибақ сұлтанмен бірге. 14. Әлпеш Қондықұлы — қадырлы қазақ, 61 жаста. Орта дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шәржетім, Қомдық бөлімі. Қыстауы: Басқанкөл, Талтақ – приказдан 232 верст, жайлауы: Ибақ сұлтанмен бірге. 15. Әлімбай Қондықұлы — қадырлы қазақ, 51 жаста. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шәржетім, Қомдық бөлімі. Қыстауы: Басқанкөлдегі Мақан – приказдан 239 верст, жайлауы: Ибақ сұлтанмен бірге. 16. Алдияр Қазанғапұлы — қадырлы қазақ, 45 жаста. Бай. Аталық-Матай болысы, руы Қонақбай, Қара-Сарман бөлімі. Қыстауы: Сарытау, Елшібай сайы- приказдан 320 верст. Жазғы қонысы: Басқан өзені бойы, Алатаудағы Орта-айрық сайы. 17. Бөлен Шаңқайұлы – сұлтан, 55 жас-та. Балалары: Қайып – 21 жаста, Ораз -17 жаста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы, Қуат руын басқарған, руы Ақ тулы төре. 1831-1845 жылдары болыс болған. 1847 жылы шегаралық басқарма халатымен марапатталған. Қыстауы: Лепсі өзені бойы, Аралтөбе сайынан Терісқонды, Садырбай зираты Айырықөзек сайына дейін – приказдан 300 верст. Жайлауы: Алатау, Ойжайлау. 1850 жыл. Аягөз сыртқы округі приказының сұлтаны Бөлен Шаңқаевтың дәйектемелік (формулярный) хаттамасы: Аягөз сыртқы округі приказының аға сұлтаны. Алтын медаль бриалианттармен безендірілген, Анна лентасынмен және алтын мөрмен марапатталған. Жалақысы 343 рубль, 10 тиын күміспен. Аға сұлтан – 1845 жылы, 31 тамызда халық сайлауымен болған. 1846 жылы 7 желтоқсанда бекіген. Екінші мәрте халық сайлауымен 1849 жылы, 22 қазанда сайланған. 1831 жыл 26 желтоқсанда әкесінің марапаттарын тағуға рұқсат берілген. Әйелі Бөбежан Сөкқызы. Балалары: Қайып – 18 жаста, Ораз – 15 жаста, Әбітай – 9 жаста, Жамантай – 8 жаста, Құлантай – 3 жаста. Шекаралық бастық қызметін атқарушы: полковник Клейст. Хатшы: Ив. Яценко. ОМА РК. Қ. И-374. Ж.1. І. 2399. Б. 17-18. Түпнұсқа. 18. Пірәлі Әбілқайырұлы – сұлтан, 35 жаста. Бай. Аталық-Матай болысы, руы Күшік төре. Қыстауы: Алатау, Сарытау, Ақсу мен Бүйен өзені арасы – приказдан 300 верст. Жазғы: Үштөбе, Қарасырық, Сарқан өзені бойы. 19. Байназар Тәукеұлы – би, 56 жаста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы, руы Кеншінбай, Тосқа бөлімі. 1831-1850 жылдары ауыл старшинасы халық қалауымен болған. Қыстауы: Лепсі өзенінің төменгі жағы, Садырбай, Ношебай моласының екі жағы, Құмаралдан Балқаш көліне дейін – приказдан 320 верст. Жаздығы: Лепсі өзенінің жоғары жағы Алатауға дейін, Ойжайлау, Ноғай өлген. 20. Бисенбай Тоқтарұлы – би, 54 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Анда, Алыбай бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзені, Керегетас – приказдан 240 верст. Жайлауы сұлтан Ибақпен бірге. 21. Біркелем Сеңкібайұлы – би, 44 жаста. Аталық-Матай болысы, руы Шоқпар, Түкті бөлімі. Жайлау, қыстауы: Басқан өзенінің басы, Әулиебұлақ сайы – приказдан 350 верст. 22. Бажан Бектасұлы – би, 69 жаста. Ұқыпты. Аталық-Матай болысы, руы Шоқпар, Түкті бөлімі. Қыстауы: Сарқан мен Басқан өзені арасы, Күнкей сайы – приказдан 340 верст. Жаздығы: Басқан өзені, Әулиебұлақ сайы. 23. Бекжан Нұрбайұлы – би, 63 жаста. Ұқыпты. Аталық-Матай болысы, руы Қонақбай-Тәуке, Мырзагелді бөлімі. Жайлау, қыстауы: Алатау, Керейқұм сайы, Ақсу өзеніне жақын – приказдан 350 верст. 24. Байсерке Көтенұлы – би, 45 жаста. Дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Тышар, Сақ бөлімі. Қыстауы: Үшбүйен – приказдан 370 верст. Жайлауы: Жалдықарағай. 25. Бүтей Шерубайұлы – ауыл старшинасы, 54 жаста. Дәулетті. Түгелбай-Садыр болысы, руы Кенжебай. 1850 жылдан ауыл старшинасы. Қыстауы: Тентексу сайынан Қарабасқа дейін – приказдан 270 верст. Жаздығы: Алатаудағы Ноғай өлген. 26. Баймөңке Таңатарұлы – ауыл старшинасы, 55 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Мәмбетай, Киікбай бөлімі. 1839 жылдан ауыл старшинасы. Қыстауы: Лепсі өзенінің сол жағы, төмен Қожас бастап, Қызылуаққа дейін, жаздығы: Ибақ сұлтанмен бірге. 27. Бұлақай Сәменұлы – ауыл старшинасы, 32 жаста. Аталық-Матай болысы, руы Тышар, Сығай-Шоқан бөлімі. Қыстауы: Бүйен өзенінің басы, үш тармағы, Қырықбелге дейін – приказдан 360 верст. Жаздығы: Алатау, Сарқан, Ақсу өзені аралығы. 28. Байсарт Жамабайұлы – ауыл старшинасы, 44 жаста. Кедей. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Сары, Төртқара бөлімі. Қыстауы: Жөңке жазығы, Ақадыр, Қаракүнгей, Теріскей сайлары – приказдан 350 верст. Жаздығы: Алатаудағы Ақтау, Сарытау. 29. Боқтай Қарагөзұлы – қадырлы қазақ, 34 жаста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы, руы Мама, Кебе бөлімі. Қыстауы: Ақсу мен Басқан суы аралығындағы Толта аңғары – приказдан 280 верст. Жаздығы: Суықжайлау. 30. Бүлік Байсалұлы — қадырлы қазақ, 49 жаста. Дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Қайнар, Солтанай бөлімі. Қыстауы: Суық пен Қаражар – приказдан 350 верст. Жайлауы: Жолдықарағай. 31. Дайыр Қалдаманұлы – сұлтан, 51 жаста. Бай. Баласы: Жаманкөз – 17 жаста, бай. Есенғұл-Садыр болысы, Ақ тулы төре. Қыстауы: Лепсі өзенінің екі жағы, Көктерекке жақын, Қарамола, Қожасқа дейін, Қаражалдың орташа шені, жаздығы: Алатаудағы Темір, Ащыбұлақ, Шатырбай, Алмалы, Жаланашбай, Мәулім, Наурызбай, Саусақты, Құтансу сайлары, Басқан өзені жоғарғы жағы Аманбұлақ, Көкжота, Сұйықжайлау, Қаржайлау, Көктөбе, Екіасты, Биесыймас, Ағынықатты өзені. 32. Жәңгір Шаңқайұлы – сұлтан, 74 жаста. Балалары: Сығай – 42 жаста, Айдархан – 41 жаста, Жәнібек – 35 жаста, Дайырбек – 27 жаста, Қуатхан – 27 жаста, Бурахан – 24 жаста, Абылхан – 21 жаста, Медетхан – 21 жаста. Өте бай. Түгелбай-Садыр болысы, Ақ тулы төре. Кенже-Қаптағай-Матай болысымен қысы-жазы көшеді. 33. Жошы Шаңқайұлы – сұлтан, 66 жаста. Өте бай. Түгелбай-Садыр болысы, Ақ тулы төре. Бөлен Шаңқаевпен көші бірге. 34. Жанбөбек Сайынұлы – сұлтан, 51 жаста. Баласы: Садық — 17 жаста. Орта дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, Күшік төре. Бір жыл Аталық-Матай, бес жыл Кенже-Қаптағай-Матай болысын басқарған. Жайлауы: Қарасырық, Амантекес, Амантекше. Қыстауы: Бүйен суының шығыс жағы, Күнгей тауы – приказдан 360 верст. 35. Досай Марқабайұлы – би, 43 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Анда, Жақыл бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзені бойымен Жартық Тынсаұлы зиратына дейін – приказдан 250 верст. Жазғы көші Ибақ сұлтанмен бірге. 36. Жанақ Теңізбайұлы – би, 52 жаста. Орта дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Қайнар, Тоқпан (Тоқтан) бөлімі. Қыстауы: Жүйрік, Күреңбел – приказдан 350 верст. Жайлауы: Желдіқарағай, Суық. 37. Дәулет Маматайұлы – ауыл старшинасы, 50 жаста. Дәулетті. Түгелбай-Садыр болысы, 1850 жылдан ауыл старшинасы. Қыстауы: Лепсі өзені бойымен Қойжиде, Абай моласы, Қызылшілік – приказдан 330 верст. Жайлауы: Ойжайлау, Қоңыртас. 38. Жанғұлы Тілесұлы – ауыл старшинасы, 47 жаста. Түгелбай-Садыр болысы. Қыстауы: Талтақтан Жуантөбеге дейін, Сарыбұлақ – приказдан 250 верст. Жайлауы: Қотыртас, Теректі өзені. 39. Жалтыр Тілесұлы – қадырлы қазақ, 52 жаста. Орта дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Қонақбай-Тәуке, Жанқара бөлімі. Жайлау, қыстауы: Алатаудағы Шілдіқарағай, Суық, Қаражар – приказдан 330 верст. 40. Елемес Сайынұлы – сұлтан, 61 жаста. Балалары: Әбет – 38 жаста, Барақ — 31 жаста, Көшен – 27 жаста. Орта дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, Күшік төре. Жазғы көші сұлтан Жанкөбекпен бірге. Қыстауы: Ақсу өзені, Қаражар сайы – приказдан 320 верст. 41. Ерденбек Барманбекұлы – би, 51 жаста. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шерубай, Аталық бөлімі. Қыстауы: Басқанкөл, Бесөткел – приказдан 220 верст. Жазғы көші Шоң старшинамен бірге. 42. Еркін Бостанұлы – би, 61 жаста. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Жақсылық, Ақтілес бөлімі. Жайлауы: Көпірлі, қыстауы: Жон қыраттары, Шешенқара сайы – приказдан 385 верст. 43. Иман Қалданұлы – сұлтан, 58 жаста. Балалары: Жошы – 21 жаста, Жанбөбек – 18 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, Ақ тулы төре. Қыстауы: Лепсі өзені екі жағы, Көктерек, Қаражас, Қарақа мола, Қаражан сайының ортасы, Алтуайт тауына дейін, Қаражиденің сол жағы, жаздығы: Алатау етегі, Лепсі өзенінің жоғарғы жағы, Темір, Ащыбұлақ, Шатырбай, Алмалы, Жаланаш бай, Мәулім, Наурызбай, Саусақты, Құтансу, басқан суының басы, Аманбұлақ, Көкжат, Суықжайлау, Қаражайлау, Екіасты, Биесыймас, Ағынықатты өзені. 44. Исмайыл Әбілқайырұлы – сұлтан, 38 жаста. Дәулетті. Аталық-Матай болысы, Күшік төре. Қыстауы: Алатаудағы Сарытау, Ақсу, Бүйен өзені арасы – приказдан 300 верст. Жаздығы: Үштөбе сайы, Қарасырық, Сарқан өзенінің басы. 45. Есболат Надырұлы – ауыл старшинасы, 38 жаста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы. Қыстауы: Тентек өзені бойы, Дайрабай, Көпқан, Қошқан, Қамал, Жиделі – приказдан 320 верст. Жайлауы: Алатаудағы Суық, Үшқайын. 46. Ыстыбай Жантыұлы – ауыл старшинасы, 32 жаста. Дәулетті. Кенже-ҚаптағайМатай болысы, руы Жақсылық, Тасыбай бөлімі. Қыстауы: Ақешкі өзені, Ешкіөлмес тауы, Шешенқара, Сай-сайдың жоғарғы жағы – приказдан 400 верст. Жайлауы: Көкжар, Көпірлі. 47. Ержан Сайбекұлы – ауыл старшинасы, 26 жаста. Орта дәулетті. КенжеҚаптағай-Матай болысы, руы Сақай, Тоқпанбет бөлімі. Қыстауы: Ақсу өзенінің Балқашқа құйған жері, Қарабат, Қалғанкөл, Кішен құмдары – приказдан 400 верст. Жайлауы: Амантекше. 48. Елшібай Қарамсақұлы – қадырлы қазақ, 41 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Мәмбетай, Қыли бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзені, Қызылұяңқы – приказдан 250 верст. Жазғы көші сұлтан Ибақпен бірге. 49. Қайран Досалыұлы – сұлтан, 52 жаста. Балалары: Мұстафа – 26 жаста, Жақып – 20 жаста, Мұса – 19 жаста. Бай. Аталық-Матай болысы, Күшік төре. Болыс қызметін басқарады. Жайлау, қыстауы: Басқан, Теректі өзендері – приказдан 340 верст. 50. Қашқа Сайынұлы – сұлтан, 61 жаста. Балалары: Мұса – 41 жаста, Аппас – 26 жаста, Дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, Күшік төре. Көші-қоны сұлтан Жанбөбекпен бірге. 51. Кәшке Мамырханұлы – сұлтан, 51 жаста. Балалары: Әбіш — 24 жаста, Абла — 21 жаста. Орта дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, Күшік төре. Жайлауы: Қарасырық, қыстауы: Ақсу өзені бойы Саралқа – приказдан 310 верст. 52. Қасабай Естайұлы – би, 52 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шәржетім, Есберді бөлімі. 1839-1849 жылдары ауыл старшинасы. Қыстауы: Басқанкөл, Қосқоланшық – приказдан 230 верст. Жазғы көші сұлтан Ибақпен бірге. 53. Қарақұз Жәутікұлы – би, 41 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шәржетім, Күп бөлімі. Қыстауы: Басқанкөлдегі Қарамола шатқалы – приказдан 230 верст. Жазғы көші Ибақ сұлтанмен бірге. 54. Қасабай Айдапкелұлы – би, 55 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Ақынай, Бөрте бөлімі. Қыстауы: Балқаш көліндегі Құмайрық – приказдан 290 верст. Жазғы көші Ибақ сұлтанмен бірге. 55. Қарағай Жантеліұлы – би, 44 жаста. Дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Қайнар, Түкті бөлімі. Жайлау, қыстауы: Басқан өзені бойы, Алатау тауы – приказдан 340 верст. 56. Қапсалаң Бөлекұлы – би, 42 жаста. Бай. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Бөрібай, Қыдыралы бөлімі. Жайлауы: Алатаудағы Күнерлі шатқалы, қыстауы: Қызылағаш өзені бойындағы Ақадыр шатқалы – приказдан 320 верст. 57. Көшек Қоңырұлы – ауыл старшинасы, 46 жаста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы, 1850 жылдан ауыл старшинасы. Қыстауы: Лепсі өзені бойы Маралтүбек, Тентек өзені бойы Терісайрық – приказдан 360 верст. Жайлауы: Ойжайлау. 58. Күйік Шотпасұлы – ауыл старшинасы, 41 жаста. Орта дәулетті. ТүгелбайСадыр болысы. Қыстауы: Лепсі өзені бойы төменіндегі Орта-Керегетастан Қайай, Керейқұм, Әулиетас, Жуантөбе, Шоратқа дейін – приказдан 260 верст. Жайлауы: алатаудағы Қотыртас. 59. Кеңгір Байжігітұлы – ауыл старшинасы, 44 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Ақынай, Күзжаман бөлімі. 1845 жылдан ауыл старшинасы. Қыстауы: лепсі өзенінің оң жағы, Сарыдомған Ашақты, Тобылғыжон, Балқаш көлі жағасындағы Масқара, Бөрлі, Құмарал, Әулиетас – приказдан 250-300 верст. Жазғы көші Ибақ сұлтанмен бірге. 60. Қырғызбай Мөңкеұлы – ауыл старшинасы, 51 жаста. Дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Қайнар, Тоқпан бөлімі. Қыстауы: Баянжүректің шығыс жағы, Қаракүнгей, Ақсу өзенімен Ақтөбелен Аяқ, Қаражар, Қоржынға дейін, Мұздыбай, Тайсойған – приказдан 300-360 верст. Жайлауы: Жалдықарағай, Ақтөбе. 61. Күсебай Тышқанбайұлы – ауыл старшинасы, 25 жаста. Дәулетті. Кенже-ҚаптағайМатай болысы, руы Сары, Мейірман бөлімі. Қыстауы: Көкқия, Баянжүректің оңтүстік жағы – приказдан 330-350 верст. Жазғы көші: Балақты қыраттары мен Сайынбөлек. 62. Қойжан Шорғабайұлы — — ауыл старшинасы, 35 жаста. Дәулетті. Кенже-ҚаптағайМатай болысы, руы Сары, Бөрібай бөлімі. Қыстауы: Ортабүйен шатқалы, Баянжүректің сол жағы, Теріскей, Тоқа, Ақадыр, Қызылағаш өзені, Теріскейден Байқұлаққа дейін, Ақсу өзенімен Сарытоғай – приказдан 300-350 верст. Жайлауы: Көпірлі, Ортабүйен, Балақты. 63. Қапдалы Жанкөтұлы – ауыл старшинасы, кедей. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Жұмай. Қыстауы: Бүйен суы бойындағы Қойтас, Доланқара, Шешенқара, Қосқұдық Жетімқара, Ақжал – приказдан 330-400 верст. Жайлауы: Көкжар, Көпірлі. 64. Қали Үсенұлы – ауыл старшинасы, 28 жаста. Мінезі дөрекі. Дәулетті. КенжеҚаптағай-Матай болысы, руы Ноғас, Бағлас бөлімі. Қыстауы: Шет – приказдан 90 верст, жазғы көші Барақ сұлтанмен бірге. 65. Қантай Санжаұлы – ауыл старшинасы, 28 жаста. Ұқыпты. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Салпы, Сары бөлімі. Қыстауы: Ақсу өзенімен Ақтөбеден Үшқаражарға дейін, Үшақөзек, Көктас, Үшкөктал, Үшқара, Жыңғыл – приказдан 320 верст. Жаздығы: Алатаудағы Көкжат, Суықжайлау. 66. Қойтай Шабақұлы – қадырлы қазақ, 59 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шерубай, Талық бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзеніндегі Төлебай, Қаратоғай шағылы – приказдан 300 верст. Жаздығы: ауыл старшинасы Шоңмен бірге. 67. Қарақай Құттыбайұлы — қадырлы қазақ, 59 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Анда, Айдар бөлімі. Қыстауы: Бүйен өзеніндегі Сарытолағай – приказдан 230 верст. Жаздығы: Ибақ сұлтанмен бірге. 68. Қопабай Шымырұлы – қадырлы қазақ, 41 жаста. Есенғұл-Садыр болысы, руы Анда, Ырысқұл бөлімі. Қыстауы: Балқаштағы Аққолтық – приказдан 400 верст, жаздығы: Ибақ сұлтанмен бірге. 69. Машанбай Әбілқайырұлы – сұлтан, 53 жаста. Дәулетті. Аталық-Матай болысы, Күшік төре. Қыстауы: Сарытау, Ақсу, Бүйен суы арасы – приказдан 300 верст. Жаздығы: Үштөбе, Қарасырық, Сарқан өзенінің жоғарғы жағы. 70. Майемген Шынқожаұлы – би, 74 жа- ста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы, руы Қуат, Асау бөлімі. Жайлау, қыстауы: Байназар бимен бірге. 71. Малдияр Жайықұлы – би, 57 жаста. Түгелбай-Садыр болысы, руы Шүйе, Келтеқара бөлімі. Жайлау, қыстауы: Әли сұлтанмен бірге. 72. Майкөт Баянұлы – би, 55 жаста. Орта дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Қарлығаш, Жауғашар бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзеніндегі Қожас, Қарақамыс, жаздығы: Ибақ сұлтанмен бірге. 73. Мырза Жанбайұлы – би, 57 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шәржетім, Есберді бөлімі. Қыстауы: Құмжарған – приказдан 226 верст. Жаздығы: Ибақ сұлтанмен бірге. 74. Мардан Байназарұлы – ауыл старшинасы, 30 жаста. Дәулетті. Түгелбай-Садыр болысы. 1850 жылдан ауыл старшинасы. Қыстауы: Лепсі өзеніндегі Әулиеқайыннан Тентекке дейін, Лепсі өзенінің оң жағы, Әулиетас – приказдан 300 верст. Жайлауы: Алатаудағы Ноғайөлген, Шұбарағаш. 75. Мыңбай Ақшаұлы – ауыл старшинасы, 31 жаста. Дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Шоқпар, Ырыскелді бөлімі. Қыстауы: екі Басқаннан Тесіпаққанға дейін – приказдан 340 верст. Жайлауы: Басқан өзені, Көкжотадан Қарасырыққа дейін. 76. Мыша Маралұлы – ауыл старшинасы, 47 жаста. Орта дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Тышар, Қонақбай бөлімі. Қыстауы: Елшібай, Керейқұм, ҚарағайлыҚаңқа, Саралқа, Сарқара, Бақысай, Сарқан өзенінің Ақсуға құйған жеріне дейін – приказдан 280-360 верст. Жаздығы: Басқан өзенінің екі жағы, Басқанкөлдің басына дейін. 77. Мыңжасар Сазанбайұлы – қадырлы қазақ, 39 жаста. Дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Қайнар, Тоқпан бөлімі. Қыстауы: Ақсу өзені бойымен Ақтөбе, Қаражар – приказдан 280 верст. Жайлауы: Алатаудағы Желдіқарағай. 78. Найзабек Шынқожаұлы – би, 58 жаста. Бай. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Төртқара, Жартыбай бөлімі. 1839 -1850 жылдары ауыл старшинасы қызметін атқарған. Қыстауы: Жон, Жонқара – приказдан 400 верст. Жайлауы: Көпірлі. 79. Нұртілеу Боқыұлы – Ауыл старшинасы, 37 жаста. Дәулетті. Кенже-КаптағайМатай болысы, руы Сақай, Тастемір бөлімі. Қыстауы: Ақсу өзені бойымен Қарашенгелден Кішен, Жаманқұм, Қарақұм – приказдан 350 верст. Жайлауы: Амантекше. 80. Омар Серғазыұлы – сұлтан, 39 жаста, бай. Аталық-Матай болысы, Күшік төре. Қыстауы: Баласаз, Маңдайшоқы – приказдан 330 верст. Жайлауы: Шілдеқарағай. 81. Ошаған Бозайынұлы – ауыл старшинасы, 31 жаста. Орта дәулетті. КенжеҚаптағай-Матай болысы, руы Ноғас, Өтебай бөлімі. Қыстауы: Алатаудағы Қойтас, Бүйен өзенімен Қопадан Тайсойғанға дейін, Ащыөзек – приказдан 340 верст. Жайлауы: Алатаудағы Суықжайлау, Шұбартөбе. 82. Ырыскелді Айтақұлы – ауыл старшинасы, 30 жаста. Бай. Аталық-Матай болысы, руы Емелелі. Қыстауы: Баянжүрек тауындағы Ақтастықара, Тереңөзек, Сарытау, Долантоншы, Ырғайлы, Қисықауыз, Ордабай, Алтынарық – приказдан 300-350 верст. Жайлауы: Ақтөбе, Суықжайлау. 83. Сайбақ Жабайұлы – сұлтан, 55 жаста. Балалары: Құлмағамбет – 20 жаста, Ұрдахан – 18 жаста. Батырхан – 17 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, Ақ тулы төре. 1839-1843 жылдары болыс. 1824 жылы капитан шенін алған. Жайлау, қыстауы: Ибақ сұлтанмен бірге. 84. Сығай Еженұлы – сұлтан, 53 жаста. Балалары: Әбілпейіз – 36 жаста, Әбухан – 29 жаста. Дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, Күшік төре. Жайлауы: желдіқарағай, қыстауы: Қызылағаш өзені, Қапал – приказдан 300 верст. 85. Сабек Қоңырұлы – би, 73 жаста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы, руы Зергер, Таз бөлімі. 1831-1844 жылдарда ауыл старшинасы. Поручик шенін, қанжар, киіммен 1824 жылы марапатталған. Қыстауы: Лепсі өзені бойындағы Теріскенді, жайлауы: Ойжайлау. 86. Сырттан Қалыбайұлы – би, 44 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Ақынай, Төртқара бөлімі. Қыстауы: Балқаш көліне жақын Құмарал – приказдан 290 верст. Жаздығы Ибақ сұлтанмен бірге. 87. Сүгір Бөгенбайұлы – би, 61 жаста. Орта дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Анда, Нұрабай бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзеніндегі Қызылжар – приказдан 248 верст. Жайлауы: Ибақ сұлтанмен бірге. 88. Сүтен Байықсынұлы – би, 50 жаста. Орта дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Бөрібай, Қыдыралы бөлімі. Жазғы көші: Балақты, қыстауы: Жон, Үш-Кәкен бұлақтары, — приказдан 390 верст. 89. Сүгір Сәмекеұлы – 1850 жылдан ауыл старшинасы, 61 жаста. Бай. ТүгелбайСадыр болысы. Қыстауы: Лепсі өзенінің төменгі жағы, Торанғы, Қарақамыс, Итжан – приказдан 300 верст. Жайлауы: Ойжайлау, Шұбарағаш, Ағынықатты. 90. Сайманбет Қожагелдіұлы – ауыл старшинасы, 40 жаста. Бай. КенжеҚаптағай-Матай болысы, руы Ноғас, До- сай бөлімі. Қыстауы: Ақсу өзені бойымен Қаражардан Алатаудағы Сарытоғайға дейін, Маңдайшоқы, Бүйен өзені, Қаракүнгей, төменгі Сарытау – приказдан 300-340 верст. Жайлауы: Көкжат, Амантекшен, Қарасырық. 91. Сәти Шінетұлы – қадырлы қазақ, 57 жаста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы, руы Медет, Көрпетай бөлімі. Қыстауы: Тентексудағы Шұбартүбет, — приказдан 330 верст. Жайлауы: Ойжайлау. 92. Тоңғақ Мыңжасарұлы – би, 41 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шерубай, Аталық бөлімі. Қыстауы: Ақсу мен Басқан суы арасындағы Қожамберді шатқалы – приказдан 235 верст. Жазғы көші: ауыл старшинасы Шоңмен бірге. 93. Тұрсын Бижанұлы – би, 41 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шәржетім, Есберді бөлімі. Қыстауы: Басқан өзені бойындағы Қойқысы шатқалы – приказдан 240 верст. Жазғы көші: Ибақ сұлтанмен бірге. 94. Тоғай Тененұлы – би, 67 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Анда, Алыбай бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзеніне Сарыбұлақ құятын жерінде – приказдан 260 верст. Жазғы көші: Ибақ болыспен бірге. 95. Тәтен Әбдрасұлы – би, 51 жаста. Аталық-Матай болысы, руы Тышар, Алыбай бөлімі. Қыстауы: Басқан өзенінің бас жағы – приказдан 280 верст. Жайлауы: Алатаудағы Желдіқарағай. 96. Төрегелді Төлесұлы – ауыл старшинасы, 43 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шәржетім, Есберді бөлімі. Қыстауы: Басқан өзенінің сол жағы, төмен Тайықсы зиратына дейін, Басқанкөл, Сымбыл құмы, Құмжарған, Ешкіөлмес тауы – приказдан 250-300 верст. Жазғы көші сұлтан ибақпен бірге. 97. Темір Шоқыұлы – ауыл старшинасы, 61 жаста. Дәулетті. Аталық-Матай болысы, руы Тышар, Әйтек-Сыбан бөлімі. Қыстауы: Ақсу өзенінің бас жағы, Көпірлі, Қоянгөз, Маңдайшоқы, Ащыбұлақ, Қасқажолдан Әбдіраға дейін, Қызылқайын, Қарабұлақ, Сарқан өзені, Кесік – приказдан – 270-390 верст. Жайлауы: Желдіқарағай, Үштөбе, Киікбай, Ақсу өзенімен Үшөзекке шейін. 98. Тұяқ Досайұлы – қадырлы қазақ, 28 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Мәмбетай, Киікбай бөлімі. Қыстауы: Қаракемер, жазғы көші: Ибақ сұлтанмен бірге. 99. Тілеулі Арғынбайұлы – қадырлы қазақ, 38 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Мәмбетай, Қыли бөлімі. Қыстауы: Қызылұяңқы – приказдан 250 верст. Жазғы көші Ибақ сұлтанмен бірге. 100. Тауас Күсесұлы – қадырлы қазақ, 35 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Ақынай, Күзжаман бөлімі. Қыстауы: Балқашқа таяу Бөрлі шағылы – приказдан 300 верст. Жазғы көші: сұлтан Ибақпен бірге. 101. Уәли Шаңқайұлы – сұлтан, 56 жаста. Балалары: Абыш – 34 жаста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы, Ақ тулы төре. Жайлау, қыстауы: Бөлен сұлтанмен бірге. 102. Үкі Меңдібайұлы – би, 71 жаста. Бай. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шерубай, Түркі бөлімі. Қыстауы: Басқанкөл – приказдан 225 верст. Жазғы көші ауыл старшинасы Шоңмен бірге. 103. Орыс Қожамжарұлы – би, 51 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шерубай, Қанай бөлімі. Ауыл старшинасы қызметін атқарады. Қыстауы: Лепсі өзені бойындағы Төлебай, Қаратоғай – приказдан 230 верст. Жазғы көші: ауыл старшинасы Шоң Тыныбекұлымен бірге. 104. Өскенбай Кешубайұлы – ауыл старшинасы, 37 жаста. Дәулетті. ЕсенғұлСадыр болысы, руы Анда, Кенжеғұл бөлімі. 1845 жылдан ауыл старшинасы. Қыстауы: Лепсі өзенінің екі жағы, төменгі Сарытоғай шағылынан Қызылжар, Ортакерегетас, Тақыржон құмына дейін – приказдан 250- 280 верст. Жазғы көші: Ибақ сұлтанмен бірге. 105. Өтеп Байсақалұлы – ауыл старшинасы, 46 жаста. Аталық-Матай болысы, руы Шоқпар, Тоқты бөлімі. Қыстауы: Үштөбе, Басқан өзені басы, Сарқан өзенінің екі жағы, Құмжарған – приказдан 320 верст. Жазғы көші: Сарқан мен Басқан өзені бойы. 106. Үйсінбай Дулатұлы – қадырлы қырғыз, 45 жаста. Бай. Түгелбай-Садыр болысы, руы Шүйе, Қара бөлімі. Жайлау, қыстауы: Бөлен сұлтанмен бірге. 107. Құдайқұл Бозаұлы – би, 58 жаста. Есенғұл-Садыр болысы, руы Мәмбет, Тақет бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзені бойы, Тоққожа, Бекбай – приказдан 320 верст. Жайлауы: Ибақ сұлтанмен бірге. 108. Шоңды Қожакелдіұлы – би, 58 жаста. Орта дәулетті. Кенже-Қаптағай-Матай болысы, руы Сақай, Тақет бөлімі. Жайлауы: Амантекше, қыстауы: Ақсу өзені бойымен Қызылжиде – приказдан 355 верст. 109. Шал Бостанұлы – ауыл старши- насы, 33 жаста. Орта дәулетті. ТүгелбайСадыр болысы. Қыстауы: Лепсі өзені мен Ақсу өзені арасы, Садақты шатқалы – приказдан 300 верст. Жайлауы: Алатаудағы Көктөбе. 110. Шоң Тыныбекұлы – ауыл старшинасы, 28 жаста. Дәулетті. Есенғұл-Садыр болысы, руы Шерубай, Аталық бөлімі. Қыстауы: Лепсі өзенінің екі жағы, Төлебай, Қаратоғай, Итжан, Шосор шатқалдары, Басқан суымен төмен Өзденбай моласына дейін. Жайлауы: Ибақ сұлтанмен бірге. Заседатель: Лишин. Хатшы: ОМА ҚР. Қ. И-374. Ж. 1. І. 2545. Б. 307- 390. Түпнұсқа. Ескерту: Приказ дегені – Аягөз сыртқы дуаны (округі). Яғни, қазіргі Аягөз (Сергио- поль). Үш Матай мен Садыр елі (Қопалы мен Лепсі уезі) соған қараған. Бір верст – жарты шақырым. Бұл құжат оңаймен табылып, алынған жоқ. Сайып келгенде қаражатқа кеп тіреледі. Ақсу ауданынан көмек сұрағанымда Ғазиз Отарбайұлы отыз мың теңге бөліп, оған жетпегенін өзім қосып, қолға тиген құжат еді. Аудан басшыларына ел мен ұрпақ иігілігіне шексіз істеріңізге рахмет демекпін. Ел біліп, игілікке жаратса деген оймен жаздым.