АТА ЗАҢ — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ БЕРІК КЕПІЛІ

Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді шын жүректен Консти¬туция күнімен құттықтаймын.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Ұлтымыздың ұлан — ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» кейін Қазақстанның тұңғыш толық конституциясын жазған іздің жерлесіміз Барлыбек Сырттанов екені елге белгілі. Оны Жамбыл атамыз «Алтын Заң» деп, «Заң болғанда қандай Заң, көрмеген бұрын ешбір жан» — деп жоғары бағалаған. Ендеше бүгінгі Ата Заңымызды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.
Бұл біздің мемлекеттік ме¬рекемз. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отба¬сы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
1995 жылы 30 тамызда ре¬спубликада бүкілхалықтық ре¬ферендум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Консти¬туциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы барлық сай¬лау учаскелерінде жүрді. Осы кезде мен де Қазақстанның азаматы ретінде қолдап, өз да-уысымды бердім. Себебі, бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасын¬да еді. Ата заңымыз еліміздің барлық жетістіктердің баста¬уы, құқық теңдігі мен барлық қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктерді беретін серік бол¬ды. Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру ар¬қы¬лы біз экономикалық өсімге жә¬¬не қоғамның әл-ауқатының ар¬туы¬на қол жеткізіп, елімізде тұрақ¬тылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.
Биыл Ата Заңымызға 30 жыл болды. Біз бәріміз — осы кезеңде елімізде болған ауқымды жаңарулардың куә-сіміз. Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік.
Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды. Әлеуметтік сала — білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласы да күшті қарқынмен дамып келеді, жыл сайын зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі өсуде. Осының бәріне осы Ата Заң мен халқымыздың ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында қол жеткізгендігіміз даусыз.
Содан бері ата заңға алты рет өзгеріс енгізілді. Алайда Конституцтямыздың қасиеті, маңызы, абыройы төмендеген жоқ, керісінше кемелденді.
Осы уақыт ішінде мен өзім Ақсу ауданының мәдениет саласының ардагері болдым. Мен де кемелдендім. Қазақстан Респу¬бликасы «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, «Қазақ мәдениетінің қайраткері» төс белгісі иегері атанып, есімім Ақсу ауданының «Құрмет кітабіна» енгізілді.
Ендеше, жерлестерімді алды¬мызда келе жатқан мемлекеттік мерекеміз Конституция күнімен, Конституциямыздың 30 жылдығымен құттықтаймын.
Жылдан жылға біздің ба¬сты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Сарқытбек РАХЫМБЕКОВ,
Мәдениет саласының үздігі, Қазақ мәдениетінің қайраткері.

Мәліметпен бөлісу: