Ата заңымызға — 25 жыл!

Ата Заңымыздың 25 жылдық мерекесіне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында санитарлық талаптарды сақтай отырып, шағын жиын болып өтті.

Шара барысында аудан әкімі Есім Сейілханұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Бейбіт Сүлейменов қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтап, ауданда талай жылдар бойы қызмет атқарып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларға Қазақстан Республи- касы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша Қасым – Жомарт Тоқаевтың қолы қойылған «Қазақстан Конституциясына 25 жыл!» мерекелік медалін және аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен арнайы сыйлықтар табы- сталды. Сондай – ақ, осы салтанатты жиында Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушылар қашықтықтан оқитындықтан екі көпбалалы отбасының балаларына смартфон мен теледидар тарту етті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Мәліметпен бөлісу: