ҒАСЫР КӨРГЕН БАТЫР

 Ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысы ардагері Моисеев Гаврил Степанович 100 жасқа толды.

Қапал ауылында ерлікке толы ғұмыры әр азамат үшін үлгі боларлық тұлға, жақында ғана Ақсу ауданының «Құрметті азама­ты» атағын алған батыр бабамызға үлкен құрмет көрсетілген той бол­ды.

Осы тойда аудан әкімінің орын­басары Ғазиз Отарбайұлы Қапал ауылына арнайы барып, ардагерді ғасыр тойымен құттықтады. Аудан әкімі Есім Сейілханұлының атынан Құттықтау хат пен арнайы сыйлық тарту етті. Ғасыр куәгеріне Ақсу жұртшылығының жылы лебізін жеткізді.

Ардагер мерейтойын ауылдас- тарымен бірге атап өтті. Ауылдық округ әкімі Нұрбол Елубайұлы бастаған ауыл ақсақалдары ыстық ықыластарын білдіріп, майдангерді мерейлі жасымен құттықтады.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Майдан даласында қан кешіп, тылда да атқарған ерліктері үшін зор алғыстар айтылды.

Ерлік – елдіктің тұғыры. Кешегі есті де текті қазақ: «Болар бала бесігінде бұлқынар, болар құлын желісінде жұлқынар»,-деп ұрпақтарына күні бұрын болжам жасай білген. Осы жылқы мінезді қазақ ауылында өскендіктен де болар текті бабамыз бұлқынып та, жұлқынып та ширап өсіп, на­мысы өрекпіген, батыл жүректілігі мен күш — қайраты тасыған күйде түлеп ержететіні сөзсіз. Осы ғасыр жасына жеткізген де Қапалдың таза ауасы шығар.

Ербол СЫМХАНОВ.

Мәліметпен бөлісу: