АСТАНА КҮНІ. ӘҢГІМЕЛЕЙМІЗ МАҚТАНА МҰНЫ

Ауданымызда Елордамыз Астананың 25 жылдығы орталық алаңда мерекелік көңіл — күймен аталып өтті. Бұрындары «Қобызшы Молықбай» атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара ретінде өтетін. Биыл кешкі салқынмен алаңға шыққан аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері мерекелік ән — шашуларды тыңдап, әр түрлі ойындар ойнап, көңілді тарқасты.

Шара барысында аудан әкімі Тынышбаев Берік Тынышбайұлы құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік концертті қазіргі сахнаға шығып жүрген өнерпаздардың ең үлкені, еліміздің мәдениет саласының үздігі, есімі ауданның «Құрмет кітабына» енген Рахымбеков Сарқытбек Томпышұлы елге танымал, құлағына сіңімді Астанаға арналған ең алғашқы әндердің бірі, Марат Омаровтың «Астана — арман қала» әнімен бастап, ау­дан өнерпаздары Астанаға байланысты әндермен қостап, тамаша концерттік бағдарлама көрсетті. Шараға «Қобызшы Молықбай», «Ақын Сара» мәдениет үйлерінің, Ақсу, Көкөзек т.б. ауылдық клубтарының өнерпаздары өнерлерін көрсетті.

Арасында көрермендермен әртүрлі ойындар ойнатылса, сахна сыр­тына орнатылған алтыбақанда балалар әткеншек теуіп, мәз — мәйрам болды.

Е.ӘБДІКӘРІМҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: