Қаржыгерлер марапатталды

Ұлттық теңге 1993 жылдың 12 қарашасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен айналымға енгізілді. Бұл Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізін қалауда және егемендігімізді нығайтуда маңызды әрі тарихи шешім болды. Төл теңгеміздің, яғни мемлекеттік нышандарымыздың бірі валютаның пайда болуы еліміздің экономикасының дамуына және банк жүйесінің қалыптасуына жол ашты.

Осыған орай аудандық қаржы саласының қызметкерлерін аудан әкімі Есім Сейілханұлы кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге алғыс хат және құрмет грамоталарын табыс етті. Олардың ішінде; Құрмет грамотасымен аудандық қаржы бөлімінің басшысы Рахметова АЛИМА БАҚҚАЛИҚЫЗЫ, Суықсай ауылдық округі әкімі апаратының бас маман — есепшісі Оспанбекова Динара Оспанбекқызы және аудан әкімінің алғыс хатымен Жабықбаева Шынар Балтабайқызы, Қасенова Әсем Тынышбекқызы және Раимбергенов Камза Абдрахманұлы марапатталды.

Мәліметпен бөлісу: