Жетісуда жоба 2024 жылдың 5 ақпанынан бастап облыстық әкімшілікпен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Мақсат — Проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру, қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйрету.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу басталғанын естіп, қатысуға келетіндер көбеюде. Әр лектің қатысушылары алғыстарын білдіріп, өте маңызды ақпараттар алғандарын айтуда. Оқу барысында тек қана несие өтеу емес, отбасылық бюджетті үнемдеу, сонымен қатар бизнес ашу жолдарында үйреніп жатыр,- дейді «Қарызсыз қоғам» жобасының Жетісу облысы бойынша жетекшісі Замзагүл Сламбекова.
Жоба басталғаннан бері қазіргі уақытқа дейін 13 топ қаржылық сауат бойынша оқытудан өтіп, барлығы 3013-нан жетісулық қамтылды.
Атап айтсақ:
Ақсу ауданы — 228
Алакөл ауданы — 221
Ескелді ауданы — 274
Көксу ауданы – 188
Кербұлақ ауданы — 186
Қаратал ауданы — 151
Панфилов ауданы – 737
Сарқан ауданы — 154
Талдықорған қаласы — 719
Текелі қаласы — 155