«Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы

Ағымдағы жылдың 5 ақпанда халыққа қаржылық сауаттылықты үйрету мақсатында «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы шеңберінде «Халықтың қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттерді арттыру» оқу курстары осы аптада Ақсу, Ескелді, Көксу, Панфилов аудандарында жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 500-ге жуық адам қамтылды.

Ақсу ауданының тұрғындары «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқуға қатысып қаржылық сауаттылықтарын арттырып, оқуда көп тиімді жақтарын үйреніп жатыр. Оқу барысында тек қана несие өтеу емес, отбасылық бюджетті үнемдеу, сонымен қатар бизнес ашу жолдарында үйреніп жатыр.

Жобаға қатысушылар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алды.

Мәліметпен бөлісу: