Осы жоба арқылы алған білім қаржылық шешімдерді қабылдауға және берешек деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Жетісу облысы бойынша жоба жетекшісі @zama_slambekova және қаржы сарапшылары қатысушылармен бірнеше әдіс бойынша жұмыс жасайды. Мәселен, тренинг-семинарлар өткізу арқылы қатысушыларға қаржылық жоспарлау, бюджеттеу және қарызды басқару негіздерін түсінуге көмектеседі.
Жоба басталғаннан бері қазіргі уақытқа дейін 14 топ қаржылық сауат бойынша оқытудан өтіп, барлығы 3500 жуық жетісулық қамтылды.
Бүгінгі күні 15-ші лектің оқуы бастылып, Талдықорған қаласы бойынша «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының аппарат қызметкерлері, Әдеп – құқық жұмысы жөніндегі менторлар, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысуда.
Сонымен қатар, аталмыш оқу Сарқан, Панфилов аудандары және Текелі қаласында өтуде.