АРУ АРДАГЕР

Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 9 шілдесіндегі №380 — ші Жарлығымен Қазақ ССР мемлекеттік салық қызметі құрылып, соның ішінде, облыстық қаржы басқармасының Талдықорған облысы, Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясы ашылды.

Шаяхметова Алида Абілханқызы Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясында 1991 жылы 3 қыркүйектен осы уақытқа дейін қызмет атқарып келеді.

Жүктелген басты тапсырманы уақтылы орындап, салықтық қызметтің сапасын артыру, салық төлеушілермен салық мәліметі туралы сұрақтарына қанағаттандыралықпен нақты жауап беріп, кеңесін беріп отырады. 1994 жылдардағы нарықтық өтпелі қиын кезеңдер, жұмысыздық уақытында көше — көшені аралап жер, мүлік салығын жинап, ауыл – ауылдарға барып, халықтың жалақысын, зейнеткерлерге зейнет ақысын қамтамасыз ету үшін, салықтық есептілікті уақытында тапсыруын, салық түсімін қадағалап аудандық мемлекеттік бюджет түсімдерін қаржылай, заттай төлеу (қант, бидай, қой, ) арқылы салық жинап, қажырлы еңбек етіп өз үлесін қосты.

Қазіргі уақытта салық төлеушілермен жұмыс жүргізу және камеральдық бақылау бөлімінде бас салық маманы болып қызмет атқарып, салық төлеушілердің есептілігін тексеріп, камеральдық бақылаудың тексеру қортындысы бойынша бюджетке қосымша құн салығы, корпоративтік табыс салығы, автокөлік салығы жер және мүлік салығы және табыс салығы, әлеуметтік салықтары бой­ынша 2019 жылы 20530,0 млн. тенге, 2020 жылы 30500,0 млн тен­ге, 2021 жылы 31650,0 млн тенге, 2022 жылда 22026,8 млн. теңге, яғни, бюджет қорын толтыруға үлес қосуда. Салық жинаудан басқа қосымша 2006 жылғы мүлікті жария ету кезінде халықтың автокөлігін мүлкін жария етуге, 2016 жылы ҚР-ның шегінен тыс жерлердегі мүлікті жария етуге ат салысып өз үлесін қосты. Со­нымен қатар жас буын салық қызметкерлеріне өзінің тәжірбиесін үйретіп, жақсы маман болып тәрбиеленуіне ықпал етеді.

Аудандық мекемеде жұмыс атқарған кезден бастап, ауданымызға еңбегі сіңген салық саласында 33 жыл тапжылмай қажырлы еңбек істеген, – деп мақтанарлықпен айта аламыз. 2016 жылы Ақсу ауданының «Құрмет кітабына» есімі енгізілді.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің облыстық және «Нұр Отан» (қазіргі «AMANAT») партиясының Құрмет граматаларымен марапаталған.

Ұлттық Валюта – теңге күнін мерекелеу құрметіне 2020 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет граматыс­мен марапаталды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай және Қазақстан Респуб-ликасы Қаржы министрлігіне 100 жыл естелік төсбелгісімен 11.11.2021 жылы марапаталды.

Енді бүгін анамыз, данамыз, ардагер, тәлімгер әріптесіміз Алида Абілханқызын барлық ұжымымыздың атынан 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Отбасына амандық, деніне саулық тілейміз!

А.ЖЕЛДИБАЕВА,

басқарма басшысы.

Мәліметпен бөлісу: