Ұлы Жеістің 77 жылдығы ауданымызда зор салтанатпен аталып өтті. Ескерткішке гүл шоқтарын қойғаннан кейін аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы аудан халқын мерекемен құттықтады.

Келесі кезекте сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Айтбаев өзінің жастық шағын тілге тиек етті.
Бала кезі Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыр жылдарға тап келгенін айта келе, соғыстан келген ардагерлер саны ол кезде көп болғанын айтты.
Соғыстан аман — есен келгеннен кейін халық санын көбейтіп, аналарымыз оншақты баланы өмірге әкеліп, арқалап жүріп еңбек еткенін көзімен көргенін әңгімеледі. Қан майданнан мүгедек болып оралған аталарымыз денсаулығына қарамай еңбекке араласқанын да көзімен көрген.
Бірақ ешқайсысы мен мүгедекпін, мен көп балалы анамын, маған көмектесіңдер деп үкіметке қарап отырған жоқ, намысқа тырысып еңбек етті,-деп бүгінгі жастарды сол аталары сияқты болуға шақырды.
Жиын соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

***
Салтанатты жиыннан кейін аудан әкімі Есім Сейілханұлы Базарханов, аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбаев Аманкелді, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай Қапал ауылындағы ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысы ардагері Моисеев Гаврил Степановичті мерекемен құттықтап, арнайы сый- сияпатын табыстап. Жүрек жарды жылы лебіздерін білдіріп, ардагердің хал- жағдайын біліп қайтты.

9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесімен «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалы ардагерлерге құрмет көрсетті. Алдымен Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі К.Дәулетбекова, «Қапал» бастауыш партия ұйымының Бюро мүшесі В.Чепель, Қапал ауылдық округінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Моисеев Гаврил Степановичті мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Сондай — ақ, тыл еңбеккерлері Рабиға Нұрғалиева, Х.Шидаевты құттықтап, атқарған еңбектеріне алғыс білдірді.
Осындай игі шаралар ауыл жастарын қарттарды, тыл ардагерлерін, жалпы қарт кісілерге қайырымды болуға, қоғамдық жұмыстарға белсенділігін арттыруға көп септігін тигізетіні шындық.
А р д а г е р л е р і м і з д і ардақтайық! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын. Жаңа Қазақстанымыз жасай берсін.
Ербол СЫМХАНОВ.