
«AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудандық мәслихат депутаты Уәлиев Талғат Сайлаубекұлы, аудандық партия филиалының консультанты Маратов Еламан Маратұлы, Қарасу ауылдық округінің амбулаториясының меңгерушісі Алмас Төлеубайұлы және Қарасу бастауыш партия ұйымының төрағасы Сагадиев Мұқтар Лебекұлы , Жастар нұсқаушысы Смағұлов Әділ Асылбекұлы Қарасу ауылы қарт кісілерінің үйлеріне барып қал жағдайларын сұрап, қарттарға медициналық көмек көрсетіп қайтты.

Шара барысында қарт кісілердің қан қысымы, буын аурулары және т.б тексеріліп, денсаулықтарының бір қалыпты екендігі анықталды. Қарасу ауылдық округінің қарт кісілдерге медициналық алғашқы тексеру жұмыстарын жүргізді.
Көрсетілген қызмет, құрметке алғысын білдірген , Адамбекова Жамалхан апамыз алғысын айтып, ақ батасын берді.
