Ардагерлер — заңғар ерлер!

Құметті соғыс және тыл арда­герлер! Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін.

Бүгінгі күн батырлық пен ерліктің, береке мен бірліктің, қаһармандықтың символына айналған ең қастерлі мереке.

Бұл ешкандай талассыз аға ұрпақтың ерлігі мен рухының жеңісі. Бүгінгі күнгі тәуелсіздіктің тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеп бүгінгі күнге жетуіміз осынау мерекенің жемісі!

Соғыстың аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Ұлы Жеңіске біздің Ақсулықтар да айтарлықтай өз үлесін қосты. 6140 азаматымыз қатынасып, 3395-і келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін құрбан болды.

Оларды біз үлгі тұтып, есімдерін мәңгі есте ұстаймыз. Қазіргі таңда ауданымызда екі соғыс ардагері, 267 – тылдағы еңбек ардагерлері қалды.

Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері! Сіздердің жа­лынды жастық шақтарыңыз соғыс жылдарында өтті. Сол жылдардағы ауыртпалықты қайыспай, Аналарымыз бек қарттардан қалмай көтерген ұрпақтың жұрнақтары әлі де ортамызда. Олардың еңбегі ерлікке тағзым. «Ер басына күн туса, етігімен су кешер»,-дегендей.

Қиын сәтті қайсарлық пен қайрат танытып бүгінгі күнге бізді жеткіздіңіздер. Бүгінгі бейбіт заман үшін барлық соғыс және еңбек ардагерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіріп, бас иеміз. Жеңісті күн жемісті күнге айналып, еліміз аман, жеріміз бүтін болсын.

Амантай АЙТБАЕВ,

аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: