«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партияның 20 жылдығына орай Ақсу аудандық ардагерлер үйі күрделі жөндеуден кейін қайтадан пайдалануға берілді.

Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Сабырбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Айтбаев, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова қатысты.
Аудандық ардагерлер үйінің ірге тасы1988
жылы қаланған. 2006 жылы аудан әкімшілігі тарапынан ардагерлер кеңесіне берілген.
Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық «І.Жансүгіров»атындағы қор, аудандық
мәслихат депутаттары және аудан
азаматтарының 5 млн теңге демеушілік
қаражаттарына ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Ардагерлер үйінде ұлттық қолөнер,
халыққа еңбегі сіңген ардақты азаматтардың өмірі мен еңбек жолдары бейнелеген
көрме орналастарылғын.
« Аға буын өкілдері ардагерлер үйінде бас қосып, уақыттарын тиімді өткізіп, ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне араласып, жастар арасында түрлі тақырыпта кездесулер өткізіп, ұлттық қолөнерімізді насихаттап, дәріптеп, қоғам дамуына өзіндік үлесін қосатын болады», — деді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова
«Аудандық ардагерлер ұйымының құрамында 4856 зейнеткер есепте тұрады. 43 бастауыш ұйым жұмыс жасайды. Ауданда 2 ҰОС ардагері, 380 тыл ардагері, 60 жалғыз басты қарт тұрады. Ендігі кезекте кең көлемде өзіміздің жоспарымызға сай басқосулар ұйымдастырып, түрлі шаралар өткізетін боламыз», — дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Айтбайұлы.
Жаңа ғимаратта қарттардың бас қосып, жиын өткізулеріне, тынығып, шығармашылықпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған.
Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА.