Ардагерге үй берілді

Ұлы Отан соғысының ардагері Рысбеков Ермұхан атамызға 3 бөлмелі әсем үй табыс етілді. Өз кезегінде Рысбеков Ермұхан атамызға 2013 жылы көпқабатты тұрғын үй қатарынан 1 бөлмелі шағын баспана берілген болатын. Алайда ардагердің немерелері жанында болуына байланысты Ермұхан атамыз үйді кеңейтіп беру туралы аудан әкіміне өтініш білдірген.

Соған орай Аксу ауданының әкімі Е.Базарханов 1 бөлмелі шағын үйді 3 бөлмелі кең баспанаға айырбастап, бүгінде ардагер атамыз жайлы орын мен жеке бөлмеге ие болып қуанышын еселеп отыр. Аудан әкімі Есім Сейілханулы қуаныш иелерімен ортақтасып ардагер атаның жаңа үйіне арнайы барып, Ермұхан атамызды құттықтап,
сый — сияпат жасады.


Есім Сейілханулы » Біз өз тарапымыздан ардагер атамыздың өтінішін қарап, 3 бөлмелі үй бердік. Жалпы аумағы 66 ш.м. Бұдан басқа Ермұхан атамыз жаңа үйге көшуіне байланысты кыска дайын еместігін ескеріп қатты отынмен және ағашпен камтамасыз еттік» — деді аудан әкімі.

Мәліметпен бөлісу: