Ардақты асу – кемелденген 60 жас

Адам баласының  өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналады. Сөйтсе-дағы кемел жас 60 –тың орны мүлдем ерекше екені баршамызға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы да осында екен.

Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шыққан  Көпжасарұлы Бейбіт Бекишев 1958 жылдың 11 желтоқсанында Ақсу ауданы, Абакумовка ауылында дүниеге келген.

1975 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін Көксу ауылшарушылық техникумына түсіп, агроном мамандығын алған.

1980- 1987 жылдары Қаракемер қызылша совхозында алған мамандығын жетілдіріп, бөлімше агрономы болып жұмыс істеген. Қазақ ауылшаруашылық институтын аяқтағаннан кейін 1987-1998 жылдары Шоқан Уалиханов совхозында  бас агроном қызметін атқарған.

Өмір жолында аянбай еңбек етуі, қоғамдық істерге белсене араласатын, өз білгенін жастарға үйретуден жалықпаған   Бейбіт ағамыз 2002 жылдан бері қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде тұрақты қызмет атқарып келе жатқандығы, өз ісінің маманы екендігін, білімділігін, өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап, ұжымда үлкенмен де кішімен де тіл табыса білетіндігін көрсетсе керек. Еңбек жолында талай белеске шығып, ұжымның және әріптестерінің құрметіне бөленді.  Көзбен көргенін, көңілге түйгенін  жастарға ағалық ақылмен жеткізетін Бейбіт ағамызды бүгінгі 60 жасқа толу мерей тойымен құттықтаймыз.  Отбасына амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Бала- шаға, немерелеріңіздің қызығын көріп, абыройыңыз арта берсін демекпіз.

Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы

подполковник Б.Ермуханбетов

Мәліметпен бөлісу: