Биыл дәстүрлi ән өнерiн классикалық деңгейге көтерген бiржан сал қожағұлұлының туғанына 185 жыл толып отыр. Біржан — xix ғасырдағы қазақ халқы мәдениеті тарихынан елеулі орын алатын ірі ақындардың бірі.
Ол қазақ поэзиясына зор үлес қосқан табан асты өлең нөсерін ағылтар ақпа ақын, халқымыздың ақындық өнерінің шебері (импровизатор). Біржан – өзі жасаған заманының перзенті, өзі өмір сүрген дәуірдің өнерпазы: ақыны, әншісі, композиторы. Алысқа арнап ән салған ән алыбы жөкей көлінің жа¬ғасында 1834 жылы дүниеге келген. Туған жерін ет жүрегі елжірей сүйген ақын: бүркітті асуынан талай өттім, қалың ну орманында сайран еттім. Айнала жөкей көлдің жағалауын, шіркін-ай, бір көруге арман еттім – деп жырлайды. Арғы атасы бертістен айшуақ, бай¬шуақ, жаншуақ, қожамқұл, қожағұл деген бес ұлы болыпты. Қожағұлдан тұрлыбай, тұрлыбайдан біржан өреді. Бала кезінде үлкен анасы бауырына салып алып баққан. Біздің баламыз деп еркелеткен. Міне, сондықтан біржан қожағұлдың баласы атанып кеткен. Табиғат біржан салға көрген кісі қызығарлық келбет берген. Ұзын бойлы, кең иықты, қыран қабақты, қыр мұрынды, шырайлы адам болса керек. Біржан поэзиясының асыл арнасы қазақ халқының бай ауыз әдебиетінде, музыкалық фольклоры қазынасында жатыр. Жасынан ел аралап ділмар шешендермен кездесіп, сөз сымбаттарын үйреніп шешендік дәстүрлерін игереді. Төкпе ақындар өнеріне де жетік болып, талай айтыстарға қатысады. Олардың табан асты өлең шығару әдістерін, сергек қабілеттерін меңгереді. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне сара, әсет, доскей, т.б. Қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Ақын сараның мемориалды музейінің «сараның шығармашылығы» атты үшінші бөлім экспозициясында қазақ әдебиеті тарихында ерекше орын алатын, шоқтығы
Биік, ауыз әдебиетінің інжумаржаны «біржан — сара» айтысына арналған. Сара тастанбекқызының біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің көркем үлгісі болып саналады. Ал ақынның өлмес ескерткішін жасаған қазақтың талантты композиторы мұқан төлебаев болды. Ол өзінің «біржансара» операсында біржан шығармашылығын кеңінен пайдаланды. Біржан шығармаларын қазіргі өнерге құштар ғалым оның әрбір сөзін, әуен ырқақтарын қалт жібермей, халық қажетіне асырып келеді. Құмарта оқиды, құлақ құрышын қандыра тыңдайды. Олар сүйікті өнерпазының шығармаларын көзінің қарашығындай сақтайды, келешектің керегіне жұмсайды. Біржан поэзиясы ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, мәңгі жасай береді. А.әлімбаева, ақын сараны мемориалды музейінің меңгерушісі.