«Менің алғашқы мақсат міндеттерімнің бірі — ауданға инвестиция тарту болды» — Есім Базарханов.

Ақсу ауданында бес мың ірі қара басқа арналған мал жемдеу алаңы және ет өңдеу кешенінің құрылыс жұмыстары басталды.
Мұндай істі, «Panel Sistem.kz» компаниясы бастап Алтынарық ауылынан ірі құрылыс жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Нәтижесінде 2022 жылдан бастап экспорт көлемін 2,5 есеге арттыруға ауданның толық мүмкіндігі бар.
Елбасымыз тұрақты түрде инвестиция тарту мәселесін алға қойды. Өйткені еліміздің дамуына орасан зор ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да жұмысымды бастағаннан бастап, менің алғашқы мақсат міндеттерімнің бірі — ауданға инвестиция тарту болды. Бүгінде соның арқасында біршама жұмыстардың басы басталды.
100 күндік Сұхбат