Ақсу ауданының Қаракемер кеңшарының тұрғындары, белсенді де білікті азаматы, кеңшар қызметкері Сүлейменов Жакен ағаны (Жаңылыс) жолдасы Жексембекова Тұрарбануды білмейтіндер кем де кем шығар.
Үлгілі жанұя, еңбеккер жұбайлар көпке үлгі, ұл — қыз тәрбиелеп өсірді.
Амал не? Балаларының қызықтарын қызықтап, қуаныштарына ортақтасатын сәтке жетер – жетпес өмірден озды.
Кластасым Тұрарбану: «Өзім оқымадым, балаларымның оқығанын, өрелі азамат болғандарын қалаймын»,-деп арманымен бөлісуші еді.
Ата – ана арманы орындалып, балалары барлығы дерлік жоғарғы оқу орнын бітіріп, Отанымызға адал қызмет етіп жүр. Ләззат пен Бейбітті аудан халқының барлығы таниды. Ләззат Сүлейменова еңбек жолын алғаш Тәуелсіздік алған ауыр кезеңдерде аудандық әкімдіктен бастап, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында сенат депутаты. Бейбіт Жаңылысұлы аудандық мәслихат хатшысы.
Биылғы жылы мұғалімдер күніне орай тағы бір қызы, Талдықорған қаласының №16 мектеп – гимназиясының директоры Салтанат Жаңылысқызы ұзақ жылғы педагогикалық еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл қуаныш Сүлейменовтер әулеті ғана емес ауылдас, жерлес, туыс, достарының, бүкіл ақсулықтардың қуанышы.
Ата – ана арманы орындалды. Жарайсың Салтанат ханым! Ақ жол, бақыттың баспалдағымен өрлей бер!
Анаңның ақ батасы Аллаға жетіп, аруақ әрдайым қолдай берсін! Ақ жол қызым!
Салтанат Жаңылысқызына!
Төсбелгі алуыңмен құттықтаймын Салтанат жаным,
Ата – анаң оқытты, тәрбиеледі салып барын.
Жұртқа аян Сүлейменовтер әулеті екені тұнған дарын,
Жақсы ұяда балапандар биікке ұшады деген бар наным.
Жаңа оқу жылың сәтті болсын Салтанат ханым,
Ұстаздарың бірлікпен білікті сапалы еңбек етіп,
Шәкірттерің жинасын жоғарғы білім балын.
Жылдан жылға «Алтын белгі» көбейтсін жедел санын.
Үш ауыз жыр арнадым, төсбелгіңе көрімдігім сыйлаған,
Бұл награда еңбегіңнің жемісі ғой жылдар бойы тынбаған.
Әке арманы орындалды соңғы кезде қинаған,
Әлі есімде анаң марқұм дастарханын жимаған.
Бұл төсбелгі құт боп қонсын бойыңа,
Еш жамандық жоламасын жолыңа.
Ақ батамды бердім қызым – алтыным,
Туған – туыс, достарың ортақтассын бақытты қуаныш тойыңа.
Иә, білім мен ғылымда өз орынын тауып қаланған кіріпш болу үшін, мықты рух, қажырлы еңбек, қарапайым адамдық болмыс, жүректе қайрат керек екені анық. Бұл қасиеттің барлығы Салтанат қызымыздың бойында бар. Тәуелсіз еліміздің болашағы — жалынды жастар. Ал, жастарға тура жол сілтеп, сапалы білім, саналы тәрбие беру ұстаздың қолында. Ендеше, осындай дарынды ұстаздарды қалайша Тәуелсіздік тұлғасы демейміз.
Бұл алдымен Алланың қалауы, ананың арманы, Салтанат қызымыздың адал еңбегінің жемісі. Еңбегің өрлей берсін қызым!
Закира НҰРЫШҚЫЗЫ,
зейнеткер — ұстаз, ҚР Білім үздігі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгі иегері, Еңбек ардагері.