Ағымдағы жылдың 28 қазанында Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлік дамыту бөлімінің бас маманы Асхат Кәрібаев және Ақсу ауданының «Кәсіпкерлік бөлімінің» бас маманы Адиля Спатаевамен бірлесіп 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру,өтеусіз негізде экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде, ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру қағидаларын түсіндіру мақсатында кәсіпкерлермен және ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.