
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев дәстүр бойынша Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, таяу жылдардағы даму перспективамызды айқындап, мақсат — міндеттерді тізбектеп берді.
Жолдауда ақша — несие саясаты мен фиксалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңыздылығы, еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан — жақты шаралар қабылдау қажеттілігі, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу жолдары, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алуға халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын дәріптеу, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру секілді тақырыптар төңірегінде сөз қозғалды. Мұның барлығы да ел дамуының негізгі баспалдақтары.
Жолдауда азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы керек. Оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі,– деп былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталғанын, жалпы нәтижесі жаман емес екенін тілге тиек етіп, енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни, «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет екенін жеткізді. Сондықтан, ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Әр ауданда азаматтарға түрлі ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет,–деп осындай жоба «Amanat» партиясының бастамасымен Жамбыл облысы, Меркі ауданында жүзеге асырылғанын айтты. Үкімет пен әкімдер бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруы керек,–деп нақты тапсырмалар берді.
«Amanat» партиясы Ақсу аудандық филиалы да мемлекет басшысының Жолдауын қолдап, осы бастаманы Ақсу ауданында жүргізудің әдіс – тәсілдерін, жолдарын бақылауда.
Сондай – ақ, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру туралы айтқанда, цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтырып жатқанын айтып, сондықтан қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр,–деп партияның «Қарыссыз қоғам» жобасы туралы да, оның мүмкіндіктері туралы да толық айтып өтті. Осы жоба бойынша мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет екені алаяқтардың жолын кесудің, оларға алданып қалмаудың басты мүмкіндігі екенін де назардан тыс қалдырмады.
«Amanat» партиясы Ақсу аудандық филиалы мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдайды.
Жангүл Ерболатқызы,
«Amanat» партиясы Ақсу аудандық филиалының консультанты.