«AMANAT»  партиясы  Ақсу аудандық филиалының кезектен тыс V-ші Конференциясы өтті

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

1.«AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының 2021 жылдың маусымы мен 2023 жылдың тамызы аралығында атқарылған жұмысының есебі және алдағы уақыттағы міндеттері, оның ішінде Сайлауалды бағдарлама аясында өңірлік Жол картасын іске асырылуы туралы;

2.Ақсу аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелерін сайлау туралы;

3.«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының кезекті V-ші есеп беру-сайлау конференциясын делегаттарды сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық партия филиалының

консультанты Е.Маратов 2021 жылдың маусымы мен 2023 жылдың тамызы аралығында атқарылған жұмысының есебін және алдағы уақыттағы міндеттерді, оның ішінде 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламаның Жол картасындағы орындалған іс-шаралар туралы баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мүшелеріне өзгерістер енгізіліп, Жетісу облыстық филиалының кезекті V-ші есеп беру-сайлау конференциясын делегаттар бірауыздан сайланды.

Ақсу аудандық партия филиалының

консультанты             Е.Маратов

Мәліметпен бөлісу: