13-ші мамырдан бастап Алматы облысының автоәуесқойлары үшін Талдықорған қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа форматта іске қосылды..
Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы және Telegram-бот арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.
Сонымен қатар, облыс бойынша Қарасай ауданындағы мамандандырылған ХҚО және Қапшағай қаласы, Панфилов, Сарқан, Енбекшіқазақ аудандарында орналасқан секторлары еш өзгеріссіз жұмыс жасайды.
Дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО ғимаратында көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігіне қосымша категориялар бойынша практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары Талдықорған қаласында орналасқан мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында автоХҚО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. автоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.