Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Ақсу ауданына жұмыс сапарымен келді

Облыс басшысы Батталов Амандық Ғаббасұлының жұмыс сапары аудан орталығындағы «Ақсу қант» ЖШС-ң қайта жаңғырту жұмыстарын танысумен жалғасты. Модернизацияның 2 кезеңінен өтіп жатқан зауыт жұмысы бүгінге 60 пайызға аяқталған. 2019 жылы қайта жаңғыртудың 3-ші кезеңі жасалатын өндіріс орны, 2021 жылы толығымен іске қосылады деп жоспарланып отыр.


Бірнеше жаңа қондырғылар орнатылған зауытты аралау барысында облыс басшысы өндірістің бүгінгі жағдайымен жіті танысып шықты. Яғни зауытттың 1967 жылдан бергі қондырғылары ауыстырылып, жаңадан шет мемлекеттің техникаларымен жабдықталатын болады. Жоспарға сай жұмыстар өз деңгейінде жасалып жатса өндіріс орны Ақсудың әлеуметтік жағдайы үшін үлкен маңызға ие болмақ. жергілікті тұрғындардың 500 — 600 халқы жұмыспен толық қамтылатын болады. Осы жәйтті көзімен көріп, танысқан Амандық Ғаббасұлы зауыттың модернизациядан өту жұмысына ризашылығын білдірді.

Мәліметпен бөлісу: