Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19 маусымдағы
№17 қаулысына сәйкес аймағымыздағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары
өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті.
Облыстағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайтын болады.
Осыған
байланысты Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен қызмет алу үшін кезекті
сағат 16:30-ға дейін брондау қажет. Түсіністікпен қарауларынызды
сұраймыз!