Алматы облысын 7 жыл басқарған Амандық Баталов қызметінен кетті


Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарған Амандық Баталов әкім қызметінен босатылды.
Орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев тағайындалды.
2014 жылдың 20 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысын басқарқарған облыс әкіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

Мәліметпен бөлісу: