Панфилов, Ұйғыр аудандарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты арнайы мониторинг тобының жұмыс сапары өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА қызметінің мәселелері қаралды. «Қорғас» шекарамаңыхалықаралықынтымақтастықорталығының» әкімшіліккеңсесіндеөткен Алматы облыстықӘдепжөніндегікеңестіңкөшпеліотырысынаагенттікжәнереспубликалықарнайы мониторинг тобымүшелеріқатысып, сыбайласжемқорлықтыңалдыналу, кедендікрәсімдеу, кәсіпкерліксаласындағыөзектімәселелер мен олардышешужолдарынталқылады. Отырысты ҚРМемлекеттікқызметістеріжәнесыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігінің Алматы облысыбойыншадепартаментініңбасшысыСерікбайНұрғисаев ашты.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жою сияқты институттар алғаш рет енгізілді. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті қалыптастыру, оқыту және тәрбиелеу бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Адами факторларды болдырмау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, интеграциялау, жеделдету және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру мақсатында облыс бойынша 339 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылды», — деп қосты С.Нұрғисаев.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген ҚР 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруды бағалау және сыртқы талдау жүргізуді мақсат еткен арнайы мониторинг тобының жұмыс сапары барысында агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, арнайы мониторинг тобының мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері А. Соловьева, З. Батталова, К. Кожин, Ғ. Байтұқ және агенттіктің өкілдері А. Бердалин, И.Үйсімбаев «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы «Нұр жолы» көліктік-логистика орталығындағы құрылыс қарқынымен, «Алтынкөл» халықаралық теміржол бекеті және «Құрғақ айлақ» қызметімен танысып, ондағы жұмыстардың барысын, кеден бақылауы мен әртүрлі инновациялық және инвестициялық жобалардың іске асуы туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар жиында, Ұлттық бюро департаментінің басшысы Тұрғанбаев Д.М. жемқорлыққа қарсы атқарған шараға тоқталып өтті.
— Облыс бойынша сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға ерекше назар бөлінеді, мысалы Департаментпен есеп кезеңде мемлекеттік органдары мен мекемелердің ұжымдарымен, сыбайлас жемқорлық тақырып бойынша бейнеролик көрсетумен, 42 кездесу өткізілді. Осындай шаралардың негізгі мақсаты – мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының негізгі ережелерін жеткізу және болашақта болдырмау мақсатында, мысал келтіру жолымен заң бұзу кезіндегі жағымсыз салдары туралы алдын-ала ескерту. Сыбайлас жемқорлықтың болашақта алдын алу мақсатында, әр анықталған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және қылмыс бойынша, олардың жасалуына жол беретін себептері мен жағдайларына талдау жүргізіледі.
Талдау қорытындысы мемлекеттік органдарға олардың жасалуына ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі жіберілген ұсынулар — деп қорытындылады ол.