2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 29 қарашасы аралығында Алматы облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлереден түскен аударымдар мен жарналардың жалпы көлемі 11,2 млрд теңгеден аса соманы құрады.
Бұл қаражаттың 10,6 млрд-тай теңге (шамасы 94%) көлемі жұмыс берушілердің аударымдары, 0,6 млрд теңге (шамасы 6 %) көлемі – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары.
Аймақтар кескінінде түскен жарналардың басым үлесі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан және Қарағанды облысынан түсуде.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен қаражат, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады, және болашақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған қызметтерге жұмсалады.
Алматы облысы бойынша КЕАҚ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының»
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі