Алаяқтардан сақтанып жүрейік!

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-ба­бына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да бол­сын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» деп көрсетілген.

Оған ешкімнің де қол сұғуына құқығы жоқ.

Алаяқтық қылмысы кең көлемді әдіс-тәсілдермен жасалатын және оның негізгі мақсаты алаяқтармен жәбірленуші тұлғалардың ақша қаражаттарын немесе қандай да бір пайда табуға болатын мүліктерін иемдену болып табылады.

Бұл тұрғыда алаяқтар әр түрлі айла-тәсілдер ойластырып, оның ішінде төмендетілген пайызбен немесе тиімді жағдаймен «несие алып беремін», «жер учаскесін ар­зан бағада немесе әкімдіктен алып беремін», «жұмысқа орналастырып беремін», «қосалқы бөлшектерді», «ұялы телефондарды» және басқа да интернет-саудамен зат­тар жеткізіп берумен байланысты. Бұл сенгіш қарапайым халықтың көмегімен пайда тауып қалуды көздеген алаяқтардың тек бірнеше әдіс-тәсілі, түрі мен сызбасы ғана, алаяқтықтың түрі көптеп таралған.

Алаяқтық көбінесе белгілі жағдайда жасалып, онда жәбірленушімен қатар, сол қаражатты немесе мүлікті ал­дап алған адамда белгілі. Олар­ды негізінен ұсақ-түйек алаяқтар құрап отыр. Алаяқтықтар өздерінің құрбандарын моральды- психологиялық тұрғыдан зерттеп, өзінің пиғылын жүзеге асыру үшін болатын деректерді бұрмалап және жалған елес тудырып, ауызша сөз нысанында немесе алуан түрлі әрекеттермен жәбірленушілерді ал­дап соғады.

Осы тұрғыда, жұмысқа орна­ласу, несие алу және жоғарыда аталған басқа да алаяқтық түрлері бойынша мемлекеттік органдар­дан түсіндірмелер алып, кез келген құқықтық, қаржы және т.б қатынастар жасауда алаяқтардың қақпанына түсіп, олардың құрбанына айналмау үшін сақтық шараларын қабылдау қажеттілігін естеріңізге саламыз.

АҚСУ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ.

Мәліметпен бөлісу: