Алаяқтардың айла — амалдарына адамдардың жас және ұлт ерекшелігіне қарамастан барлығы сеніп қалып жатыр, өкінішке орай, олардың арасында қарт кісілер де бар. Жақында интернет- алаяқтыққа жасалған талдау көрсеткендей, көп жағдайда жәбірленушілер өз туыстарын қылмыстық жауапкершіліктен «құтқару» үшін ақша аударады. Айдың басынан бастап осындай 13 факт тіркелді. Осы фактілердің көбісінде алаяқтар егде жастағы адамдарды алдап соғып, құрығына түсірген.
Жоғарыда айтылған алаяқтықтардың бәрі бір «схема» арқылы істелген. Азаматтардың ұялы телефондарына белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынады, олар өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлайды. Осы жағдайды шешу үшін ақша-қаражатын аударуды ұсынады.
Құқық қорғау органдарының бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, біздің сенімді азаматтарымыз алаяқтардың құрбаны болып жатыр.
Құрметті азаматтар, алаяқтарға алданып қалмас үшін мыналарға назар аудару керек екендігін еске саламын:
– ең алдымен, дүрбелеңге түспеңіз және алаяқтардың қойған шарттарын орындауға асықпаңыз;
– егер Сізге белгісіз немесе жасырын телефон нөмірінен қоңырау шалса, абай болу керек. көбінесе алаяқтар ұялы телефонның «бір реттік» нөмірлерін пайдаланады;
– телефонмен сөйлескен кезде «жедел» уақытта және «өте өзекті» болған соң тез шешу керек деп жатса, сақ болыңыз. мұндай жағдайларда ешқашан жақындарыңыздың есімін атамаңыз;
– Сіздің туысқаныңыз қай полиция бөлімінде екенін нақтылаңыз, содан кейін «102» кезекші бөліміне қоңырау шалыңыз және бар ақпаратты тексеріңіз;
– ешқашан телефон арқылы өзіңіз жайлы жеке мәліметтерді бөтен адамдарға бермеңіз, қандай адаммен сөйлесіп тұрғаныңыз белгісіз ғой.
Мен барлықтарыңызды қарт ата- аналарыңызға, ата-әжелеріңізге жоғарыда аталған ережелерді күн сайын еске түсіріп отыруға шақырамын, өйткені олар туыстары мен жақындарын қиындықтан қорғау қалу үшін соңғы тиынына дейін бар ақшасын беруге дайын! Сізден басқа ешкім оларды алаяқтардың қазіргі айла- қулықтарынан сақтап қала алмайды! Олардың жинақ ақшасының қауіпсіздігі Сізге ғана байланысты екенін ұмытпаңыз!
Атығай АРЫСТАНОВ,
Құрметпен, Жетісу облысы ПД бастығы.