Ақсу ауданы, Қапал ауылы, Алатаудың баурайында Н Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына сай Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай дүбірлі «Дода», дүркіреген «Байге» болып өтті.
Тарихи тамыры тереңге бойлаған Әз — Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Бұл мерекеде бәйге ғана емес, бір қанша ұлтық ойындар — жілік шағыу, арқан тартыу, қол күрес, қазақша күрес, қошқар көтеріу, теңге іліу, аударыспақ, қыз қуар және де мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасы да болды.
Тойдың басын салтанатты түрде аудан әкімі Есім Сейлханұлы бастаған бір қанша азаматтар мен азаматшалардың құттықтау сөзімен басталды.
Аламан бәйгеге Алматы облысының түкпір — түкпірнен келген сәйгүліктерді алыстан келді деп жүрсек, Елордасы Астанадан да келген бірнеше тұлпар бар екен.
Бабы келіскен тұлпарлар оза шауып байгесін алды, білек күшіне сенген азаматтар қол күрес, қазақша күрес, аударыспақ қатарлы ойындарда бірінен — бірі асып түсіп жатты. Шашбауы мен теңге моншақтарын сыңғырлатып қыз — келіншектер қыз қуар ойынына шығып мен мен деген жігіттерді қуып жетіп етегінен бұрап аттан аударып түсірмеседе төбесіне қамшы үйріп есін шығарып мәреге жеткізді.
Барлық шараға қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталып жатты. Ақ таңнан кешке деиін жалғасқан ұлы думан тойдың соңы салым көкпармен аяқталды. Аяқталмас та еді уақыт жетпей қараңғы түспегенде. Көрермен қауым «Бүгінгі өткен бір күнім бір сағаттай болғаны — ай» деп уақыттың тез өтіп кеткеніне өкіне қарап, дүбірлі тойды ұйымдастырған ауыл халқына ризашылығын білдіріп қимай — қимай тарап бара жатты.
Қадыржан Қайсаұлы.