«Алаш» әдеби сыйлығының иегері дауыс берді

Көктал ауылдық округі №299 сайлау учаскесіне Жетісу облысы Панфилов ауданының Құрметті азаматы, белгілі ақын, этнограф, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жақыбаев Әдепхан Төреханұлы келіп, өз дауысын берді.

Құрметті азамат сайлауға қатысу арқылы ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетіп, тұрғындарды да белсенді болуға шақырды. Оның сайлауға келуі – азаматтық жауапкершіліктің және қоғамдағы белсенділіктің жарқын үлгісі.

Мәліметпен бөлісу: