Ақсу ауданында бүгін үлкен той. Ауданда ақын Сара Тастанбекқызының 165 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ақындар айтысы басталды.
Сөз мәнерін ұғына білетін додаға белгілі аузы дуалы республикалық 10 айтыскер ақын арнайы келді. Сара апамызға арналған айтыс залына жиылған көпшіліктің қарасы көп. Ине шаншар жер жоқ. Айтыс аламанын алғаш болып Астаналық ақын Жандарбек Бұлғақов пен Алматылық ақын Жалғас Садыр бастады.
Акын Сара Тастанбекқызының 165 жылдык мерейтойына жиылған көпшілік алдымен Сара апамыздың ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойды.
Ақсу дейтұғын бұл аймақ, мақтауға тұрар жер екен….Астанамызды салсада, жарасатын жер екен!